Түрксіб ауданында екі дәрігерлік амбулатория бой көтереді

Түрксіб ауданында екі дәрігерлік амбулатория бой көтереді Сурет: Egemen.kz

Денсаулық сақтау.


Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауданда бой көтеретін әлеуметтік маңызды нысандар жайлы айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және Түрксіб ауданының көбейіп жатқан тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін биыл желтоқсан айында «Нұршашқан» шағынауданында бір ауысымда 100 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.


Сондай-ақ 2023 жылдың I тоқсанында Айбасов көшесінде бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.


«Қайрат шағынауданында 340 келушіге арналған емхана құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы 2023 жылдың II тоқсанында мемлекеттік сараптамадан өтеді. Жалпы, жоғарыда аталған шаралар күніне келетін пациенттердің санын 800 адамға дейін  арттыруға мүмкіндік береді», - деді Е.Досаев.


Әлеуметтік және спорттық нысандар


Қазіргі уақытта ескі ғимаратты (Р.Зорге көшесі, 2А) күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, онда 2023 жылы әлеуметтік нысандар орталығын ашып, «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығын, «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубын, ардагерлер кеңесін және мүгедектер қоғамын орналастыру жоспарланған.


Сондай-ақ 2023 жылдың I тоқсанында «Жас Қанат» шағынауданында бассейні бар екінші дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады.


2023 жылдың II тоқсанында «Авиатор» стадионының аумағында (Майлин көшесі бойында) дене шынықтыру-сауықтыру орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау жоспарланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17