AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түрксіб ауданы инженерлік желіні жаңалап жатыр 

Түрксіб ауданы инженерлік желіні жаңалап жатыр 

Әлеумет 22.07.2025, 12:39 607 Bakyt
Түрксіб ауданы инженерлік желіні жаңалап жатыр 
Алматы қаласы әкімдігі

Түрксіб ауданында инженерлік желілерді жаңалау – ең өзекті мәселенің бірі болып қала береді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Бахытжан Ақжаров осы бағытта қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әкімнің айтуынша, 2024 жылы Шуақты, Әлмерек шағын ауданы мен Закарпатская көшесінде 43 шақырымнан асатын сумен жабдықтайтын желі мен кәріз желісі салынды. Биыл Нижняя Пятилетка шағын ауданында 115 шақырым су құбыры мен 31,9 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталып қалды. 2025 жылдың соңына дейін 28,4 шақырым су құбыры мен 21,2 шақырым кәріз желілері құрылысы аяқталады.

Сонымен қатар, Тукая - Норильский - Поддубный - Диксон мен Ақан Сері - Сейфуллин - Шолохова көшесінің аумағында 16,1 шақырым су құбыры мен 16,8 шақырым кәріз желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Жалпы, су құбыры мен кәріз желілерін жаңалау жағы кезең-кезеңімен іске асады. Осыған байланысты, Нижняя Пятилетка шағын ауданында екі кәріз сорғы станциясының құрылысы бойынша байқау өткізіліп жатыр», - деп атап өтті Бақытжан Ақжаров.

Сонымен қатар, Рысқұлов - Жансүгіров - Шолохов - Сейфуллин көшесінің аумағында инженерлік желілер салу жобасы бойынша мемлекеттік сараптама алынған, Нұршашқан шағын ауданындағы қамтылмаған учаскелердің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Электр желілерін модернизациялау да аяқталды: Қайрат пен Әлмерек шағын ауданында электр желілері жаңартылды. Қазір АО «АЖК» қалалық желілеріне қосылып жатыр. «Тұздыбастау» подстанциясының құрылысы 31 шілдеге дейін аяқталады, қазір қосымша желілер тартылып жатыр.

Жылумен жабдықтау бойынша өткен жылы 2,1 шақырым жылу желісі жаңартылды, «Вокзал» жылу станциясына 3,4 шақырым су құбыры мен 7,3 шақырым электр желісі тартылды. 2025 жылы тағы 9 жылу станциясын жаңалау мен 8,9 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланып отыр, бұл жұмыстар Наманганская-Монтажная мен Сейфуллин-Котельников көшесін қамтымақ.

Қайрат шағын ауданында газ қысымын тұрақтандыру мақсатында 12,4 шақырым газ желісі жаңартылады, бұл 1300-ден астам жеке үйлер мен көпқабатты үйлерді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркісіб #жылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);