Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркістандағы әскери ант: Отанға адалдық пен махаб...

Түркістандағы әскери ант: Отанға адалдық пен махаббат үндестігі

Әлеумет 26.01.2026, 14:13 245
Түркістандағы әскери ант: Отанға адалдық пен махаббат үндестігі
Cурет: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның Түркістан қаласында орналасқан 5574 әскери бөлімінде өткен Әскери ант қабылдау рәсімі ерекше әрі есте қаларлық сәттерге толы болды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Салтанатты шара барысында 100-ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы қасиетті борышына адал болуға ант берді.
Рәсімге сарбаздардың 250-ден аса ата-анасы мен жақындары арнайы келіп, ұлдарының алғашқы әскери қадамына куә болды. Бұл өз кезегінде жас жауынгерлерге рухани қолдау көрсетіп, салтанатты шараның маңызын арттыра түсті.

Рәсімнің ең әсерлі сәттерінің бірі — қатардағы сарбаз Дамир Нұрланұлының көпшіліктің алдында сүйіктісіне сөз салуы болды. Әскери сап түзеген алаңда орын алған бұл ерекше оқиға жиналған қауымға зор эмоция сыйлап, елге қызмет ету мен адамдық сезімнің бір-бірімен үйлесім тапқанын көрсетті.

Салтанатты шара барысында әскери бөлім командирі, полковник Төлеген Шыныбеков жас сарбаздарды Әскери ант қабылдауымен құттықтап, оларға жүрекжарды тілегін білдірді:

«Бүгін сіздер Отан алдындағы азаматтық әрі әскери жауапкершілікті саналы түрде қабылдап отырсыздар. Әскери ант — бұл ерлікке, тәртіпке және елге адал қызмет етуге берілген серт. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, темірдей тәртіп пен жауынгерлік рух тілеймін. Әрдайым ел сенімін ақтап, Ұлттық ұланның абыройын асқақтата беріңіздер!» — деді бөлім командирі.

Осы күннен бастап қатардағы Дамир Нұрланұлы және оның қарулас серіктері Түркістан қаласының көшелері мен маңызды қоғамдық іс-шаралар кезінде жауынгерлік қызмет атқаруға кіріседі. Олар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жауынгерлік міндет атқармақ.

Айта кетейік, мұндай салтанатты рәсімдер жас сарбаздардың әскери рухын көтеріп, патриоттық сезімін нығайта түсуге, сондай-ақ ата-ана мен әскер арасындағы байланысты бекемдеуге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #әскери ант #сөз салу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика