AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркістанда Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын б...

Түркістанда Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады

Әлеумет 29.06.2026, 14:30 358
Түркістанда  Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады

Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысты.

Цифрлық ХҚКО мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға және цифрлық дағдыларды дамытуға арналған заманауи кеңістік. Smart Point концепциясы  мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, яғни азаматтар тек қызмет алып қана қоймай, мемлекеттік цифрлық сервистерді өз бетінше пайдаланып, қажеттілігіне қарай мамандардан кеңес ала алады.

«Түркістандағы Smart Point орталығының ашылуы - жаңа форматтағы ХҚКО-ның іске қосылуы ғана емес, мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу мәдениетін қалыптастыруға бағдарланған маңызды қадам. Бүгінде біздің мақсатымыз - азаматтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар, мемлекеттік цифрлық мүмкіндіктерді сенімді пайдалануға көмектесу. Smart Point өңір тұрғындары үшін сұранысқа ие болатын алаңға айналады деп сенемін», -  деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа көрсетілетін қызметтерді барынша жеңілдетуді және цифрландыруды тапсырып, атқарылған жұмыстарды бақылауында ұстап келеді. Бұл бағытта облысымыз жемісті еңбек етуде. Бүгінгі ашылып отырған заманауи кеңсе — соның нақты дәлелі. Облыс әкімдігі мен Мемлекеттік корпорация арасындағы тиімді ынтымақтастықтың нәтижесінде халық сұранысына сай келетін заманауи сервистік хаб құрылған», - деп атап өтті Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков.

Smart Point цифрлық ХҚКО бірнеше функционалдық аймақтан тұрады. Экспресс-аймақта азаматтар құжаттандыру терминалы арқылы жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өздігінен рәсімдей алады, сондай-ақ арнайы ақпараттық экрандар арқылы AlemGPT сервисінің мүмкіндіктерімен танысады. Цифрлық аймақ мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу және құжаттармен онлайн форматта жұмыс істеу үшін моноблоктармен және жоғары жылдамдықты сканерлермен жабдықталған. Сараптамалық аймақта келушілер күрделі мәселелер бойынша мамандардың кеңесін ала алады. Сонымен қатар цифрлық сауаттылықты арттыруға және жаңа электрондық сервистерді меңгеруге арналған оқыту және ақпараттандыру аймақтары қарастырылған. Ал жайлы демалыс аймағында келушілер үшін қолайлы жағдай жасалған.

Жоба Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, өңір тұрғындары үшін заманауи сервистік инфрақұрылымды дамыту мен қолайлы цифрлық ортаны қалыптастыру жолындағы кезекті маңызды қадам болды.

Айта кетейік, Smart Point цифрлық ХҚКО форматын алғаш болып енгізген өңір – Ұлытау облысы. Орталық 2026 жылғы 4 маусымда ашылды.

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ХҚКО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:15

Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Кеше 17:15

Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» сертификаты табысталды

Кеше 16:57

Мерейтойлық Almaty Marathon-ға қатысқан шетелдіктер саны рекордтық көрсеткішті құрады

Кеше 16:48

Алматы хайуанаттар бағында маралдардың екі төлі дүниеге келді

Кеше 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);