Оңалту шараларының тиімділігін арттыру және балаларға қолайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматыда «Әділет» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Балдаурен» балаларды оңалту орталығының ұжымымен кездесті. Басқосуда балаларды оңалту жүйесін дамыту, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.
Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Әуезов аудандық сайлауалды штабының мүшелері және орталық ұжымы қатысты.
Жиын барысында партияның денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларына қатысты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.
«Балдаурен» балаларды оңалту орталығы балалардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған мамандандырылған қызмет көрсетеді. Осыған байланысты оңалту шараларының тиімділігін арттыру және балаларға қолайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылды.
«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Серік Есматов балаларды оңалту жүйесін жетілдірудің және ерекше қолдауды қажет ететін отбасыларға жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
«Балалардың денсаулығын қорғау және сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру - «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі. Алдағы бес жылда медициналық мекемелерді жаңғырту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, медицина мамандарын қолдау және ауруларды ерте анықтау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Басты мақсатымыз - әрбір баланың сапалы медициналық көмек алуына және денсаулығын қалпына келтіруіне қолайлы жағдай жасау», - деді Серік Есматов.
Кездесу балаларды оңалту саласының өзекті қажеттіліктерін айқындауға және мамандандырылған медициналық көмекті одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.