Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Түркістанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ғасырлы...

Түркістанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ғасырлық тойы аталып өтті

Мәдениет 02.12.2024, 15:39 1,180
Түркістанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ғасырлық тойы аталып өтті
Сурет: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі
Биыл Түркістан облысының бас газеті «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің шыға бастағанына 100 жыл толып отыр.
Бүгін облыс орталығында қарашаңырақ басылымның ғасырлық тойы аталып өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын газет басшысы Абай Балажанға табыстады. Сонымен қатар бірқатар журналистер Президенттің алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Ауқымды шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Парламентінің Сенат депутаты Алишер Сатыбалдиев және ҚР Парламентінің Мәжіліс депуттаты Ұласбек Сәдібеков, басылымның тарихында қолтаңбасы қалған ардагер қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен қаламы қарымды журналистер қатысты.
– Сіздерді бүгінгі мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! «Оңтүстік Қазақстан» газеті – өзіндік тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылымдардың бірі. Қазақ журналистикасындағы жүйріктер мен ақиық ақындар, көрнекті жазушылар, қоғам қайраткерлері осында қызмет етіп, түлеп ұшты. «Газет– халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, облыс айнасына айналған газетіміз қоғамға қызмет ету міндетін абыроймен орындап келеді. Жаңа дәуірі басталған, Жаңарған Түркістанның жаңашыл бағытын жұртшылыққа жеткізіп жүрген қарашаңырақ басылымға деген құрметіміз жоғары. Оқырмандарыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, әр күндеріңіз шуақты болсын! – деген облыс әкімі шығармашылық ұжымның бірнеше өкілін марапаттады. Сондай-ақ газет ұжымына жеңіл автокөлік табыстады.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев басылымның журналистерін ҚР«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет граматосымен және алғыс хатымен марапаттады. Арнайы қатысқан құрметті қонақтар ізгі лебізін білдірді.
Мерейлі күнге орай бірнеше іс-шара жоспарланған. Күні кеше облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аллеясы ашылды. Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері мен газет редакциясының ұжымы қатысып, 100 жылдық мерейтойға орай 100 түп көшет отырғызды. Ал бүгін «Оңтүстік Қазақстан» – тарих толқынында» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Онда журналистиканы дамыту жолдары, тың идеялар айтылды. Сонымен қатар газеттің тарихынан сыр шертетін фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды. Әрі қарай салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. Онда облыстың өнерпаздары жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Басылым жолы Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов сияқты қайраткерлер негізін қалаған «Ақжол» газетінен бастау алады. Бұл газетте қазақ руханияты мен журналистикасына еңбек сіңірген қаламгерлер мен журналистердің, ел жанашырларының қаламының ізі қалған. Оңтүстік журналистерінің қасиетті қарашаңырағы қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сара саясатын елге кеңінен түсіндіріп, Түркістан өңірінің дамуына үлес қосуда. Газет ұжымы тек журналистикамен шектелмей, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бастамашы болып жүр. Оған дәлел ретінде қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің дәстүрлі турнирін, жас жыршылар байқауын айтуға болады.
Айта кетейік, бір ғасырда «Оңтүстік Қазақстан» газетіне 30-дан астам білікті журналистер редакторлық етті. Солардың арасында редактор Әсет Тілеукеев, Әмірсейіт Әлиев, Кәрім Үкібаев, Анар Бәкірова сынды қайраткер тұлғалар газет тарихында қалды.
Бүгінде 21 мың 650-ші саны жарық көріп отырған басылым Оңтүстік аймақ қана емес, еліміздегі тарихи газеттердің бірі болып саналады.
 
 
 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан #Оңтүстік Қазақстан #100 жылдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Бүгін 15:22

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 15:17

Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:15

Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

Бүгін 15:13

Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін 14:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика