AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Туризм саласы - Қазақстан экономикасының жаңа серп...

Туризм саласы - Қазақстан экономикасының жаңа серпіні

Әлеумет 03.03.2025, 10:45 884 Nursok82
Туризм саласы - Қазақстан экономикасының жаңа серпіні
Сурет: Gov.kz

«Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуға тиіс. Еліміздің әр өңірінде көрікті жерлер бар. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет».

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстандағы туризм саласында атқарылып жатқан жүйелі шаралар елдегі туристік ағынды арттыруға ықпал етіп, әлемдік рейтингтегі орнымызды айтарлықтай жақсартуда. Мысалы, Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексінде Қазақстан 119 елдің арасында 52-орынды иеленіп, 66-орыннан көтерілді.

2023 жылы Қазақстанға туристік мақсатпен 15,3 миллион шетелдік қонақ келген. Оның 10,4 миллионы елімізде бір күннен көп уақытты өткізіп, шетелдік туристер қатарына қосылды. Орташа алғанда, шетелдік меймандардың елімізде болу уақыты – 4 күн.

Ұлттық банк мәліметінше, алыс шетелден келген туристер Қазақстанда сапар барысында орта есеппен 1500 АҚШ долларын жұмсайды. 2024 жылы шетелдік туристер елімізде 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады.

Туризм саласындағы инвестициялар жыл сайын өсіп келеді. 2019-2024 жылдар аралығында салаға салынған негізгі капитал көлемі мынадай болды:

  • 2019 ж. – 502 млрд тг
  • 2020 ж. – 629 млрд тг
  • 2021 ж. – 593 млрд тг
  • 2022 ж. – 513 млрд тг
  • 2023 ж. – 787 млрд тг
  • 2024 ж. – 947,5 млрд тг

2019-2024 жылдары туризм саласында жалпы сомасы 550 млрд теңгеге 605-ден астам инвестициялық жоба іске асырылды. 2024 жылы 87 инвестициялық жоба табысты аяқталды.

Ірі жобалар арасында Шымкент қаласындағы «Махамбет» қонақ үйі (4,9 млрд теңге), Атырау облысындағы «Keremet Park» отбасылық паркі (3 млрд теңге), Алматы облысындағы «Ақ-Жайық» демалыс аймағы (1,8 млрд теңге) ерекше аталып өтуге тұрарлық.

Қазақстанның туризм саласына инвестициялар тарту, инфрақұрылымды дамыту және көрікті жерлерді ұтымды пайдалану арқылы бұл сала экономикамыздың маңызды бөлігіне айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм #қонақ үй құрылысы #саяхат #қазына
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Бүгін 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);