Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конф...

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы арасында Меморандумға қол қойылды

Спорт 22.03.2024, 09:33 1,089
Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы арасында Меморандумға қол қойылды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясында Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, алдағы Ойындарды ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселені талқылады.



ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын елдердің географиясын кеңейту, демеушілерді тарту, Ойындардың халықаралық телехабарларын ұйымдастыру және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын әуетасымалдау бойынша жәрдемдесу жайын сөз етті. Сонымен қатар Ермек Маржықпаев пен Біләл Ердоған кездесу барысында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Қазіргі уақытта Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы – әлемдегі серпінді дамушы спорттық ұйымдардың бірі. Жақында Анталиядағы 6-шы этноспорт форумы ұйымның қазіргі уақытта әлемдегі дәстүрлі спорт пен ойындарды дамытудың негізгі қозғаушы күші екенін растады.




«Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бірлесіп ұйымдастырушысы мәртебесін алуымен құттықтаймын. Бірлескен күш-жігер арқылы қатысушы елдердің кең географиясы қамтыла отырып, Ойындар жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. 2022 жылы Изник (Түркия) қаласында ұйымдастырылған төртінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аса жоғары деңгейде өткенін айтқым келеді. Әлемнің 102 елінен 3000 астам спортшының қатысуы – Ойындардың ауқымды болғанының көрсеткіші. Бұл сөзсіз Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы командасының үлкен үлесі», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.




Сонымен қатар жиын барысында Ермек Маржықпаев пен Біләл Ердоған келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізетін елді анықтау мәселесін қарастырды. Бұл мәселені Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің жастар және спорт министрлері отырысының күн тәртібіне енгізу ұсынылды.


Кездесу соңында министр Ойындарды ұйымдастыру комитеті ресми іс-шараларға қатысу үшін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының делегацияны қабылдауға дайын екенін жеткізді. Ал Біләл Ердоған өз тарапынан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ойдағыдай өткізуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дүниежүзілік көшпенділер ойындары #Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

12 жасқа дейінгі балаларға паспорт 5 жылға беріледі

Бүгін 16:09

Доллар арзандап кетті

Бүгін 16:03

Қазына іздеген қазақтар

Бүгін 15:50

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика