Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұрғындар өтініші жерде қалмайды: "Зерделі" шағына...

Тұрғындар өтініші жерде қалмайды: "Зерделі" шағынауданындағы апатты үйлерді бұзу туралы шешім қабылданды

Әлеумет 18.07.2022, 04:31 939
Тұрғындар өтініші жерде қалмайды: "Зерделі" шағынауданындағы апатты үйлерді бұзу туралы шешім қабылданды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл мәселе Алматы әкімінің Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде көтерілді.


Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



"Зерделі" шағынауданындағы мәселелерге арнайы тоқталуды жөн көріп отырмыз. Өткен кездесулерде шағынаудан тұрғындары  балаларға қауіп төндіретін салынып бітпеген екі көп қабатты үйге және үйлердің сейсмикалық күшейту жұмыстарын аяқтау қажеттілігіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылдың соңына дейін аудандағы апатты үйлерді бұзу туралы шешім қабылданды. Олардың орнына жасыл саябақ аймағы мен балалар алаңын салу жоспарланған», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.



Сондай-ақ, тұрғындардың өтініштері бойынша биыл шағынаудандағы 63 үйдің қасбеттері сырланады. Қажетті қаржыландыру бөлінді, мердігер ұйым анықталды. Жұмыстар тамыз айында басталып, ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады.


Шағынаудандағы үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қирағалы тұрған үйлер мәселесі шешіледі. Бүгінгі күні барлығы 30 үйдің 23-і бойынша нығайту жұмыстары аяқталды. Қалған 7 үй бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.


Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша биылғы жылдың тамыз айынан бастап Момышұлы көшесінің қасындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің лифтілерін қалпына келтіру жұмыстары басталады. Мердігер ұйым анықталды, жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау ауданы #әкіммен кездесу #Зерделі шағын ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Кеше 18:18

Павлодарлық «Ertis» әйелдер арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Кеше 18:15

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға шықты

Кеше 18:12

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Кеше 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Кеше 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика