Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа жоба бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәртебесі жоқ азаматтар да емханада бірқатар медициналық қызметті ала алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жобаға сәйкес, азаматтарға мына қызметтер қолжетімді болады:
жалпы қан және зәр талдауы;
қан қысымы мен денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін өлшеу;
ЭКГ;
пульсоксиметрия (қандағы оттегі деңгейін өлшеу);
флюорография;
кейбір функционалдық зерттеулер;
құрсақ қуысы ағзалары мен бүйрекке УДЗ жасау.