Жаңа конституция қазақстандықтарды тұрғын үйден шығарудан қорғау кепілдігін күшейтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазақстанның жаңа конституциясында азаматтардың тұрғын үй құқығын қорғауға қатысты кепілдік күшейтілді. Енді ата заңда сот шешімі арқылы ғана үйден айырып, одан тек шығаратыны тікелей белгіленді.
Бұл норма конституцияның 28-бабында бекітілген және сот арқылы қорғану тетігін тұрғын үйден айырумен қатар, одан шығаруға да тікелей қолданады. Бұған дейін конституциялық деңгейде тұрғын үйден айыруға қатысты ереже ғана нақты бекітілген болатын.
Осылайша, азаматты тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару мәселесі сот арқылы қаралуы тиіс. Бұл тұрғын үйге қатысты дауларда азаматтардың құқықтық кепілдігін күшейтеді.