Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұрғын үй нарығында сату-сатып алу көрсеткіші 34,3...

Тұрғын үй нарығында сату-сатып алу көрсеткіші 34,3% кеміді

Әлеумет 11.08.2022, 13:41 1,174
Тұрғын үй нарығында сату-сатып алу көрсеткіші 34,3% кеміді
Сурет: Inform.kz

Маусым айымен салыстырғанда көрсеткіш 2% кеміді


Тұрғын үй сату-сатып алу нарығында шілдедегі көрсеткіш бойынша жасалған мәміле саны – 30 393, бұл өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 34,3% кем. Ұлттық статистикалық бюро мәліметі бойынша, кему көрсеткіші барлық өңірде тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Маусым айымен салыстырғанда көрсеткіш 2% кеміді. Өңірлер бойынша мәмілелер көп жасалған қалалар – Алматы мен Нұр-Сұлтан, тиісінше 4 915 және 4 391 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы (619).


Мәмілелер санының төмендеуі бірқатар өңірде байқалды, ең көп төмендеу Павлодар (-19,2%), Алматы (-17,0%), және Атырау (-7,4%) облыстарында. Өсім тек 4 өңірде тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласы (14%), Алматы қаласы (11,5%), Батыс Қазақстан (7,5%) және Ақтөбе облыстары (4,4%).


Мәмілелердің 72% көп пәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалды, сатылымдағы жеке үйлердің үлесі – 28%.


2 бөлмелі пәтерлер сол қалпы сұранысқа ие, шілдеде олардың 8,4 мыңы тіркелген. Бұл ретте келісімшарттар көбіне Алматы қаласында (1570), Нұр-Сұлтанда (1486) және Қарағанды облысында (1304) жасалған.Жеке үйлер бойынша өсім тек Нұр-Сұлтанда (+9,2%), Ақтөбе (+11,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында (+13,8%) байқалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұрғын үй #нарық #сату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы кітапханасында Олжас Сүлейменовтің құрметіне әдеби кеш өтті

Бүгін 09:44

«Қайрат» жаңа маусымға дайын: Анарбеков №1, Сәтпаев №10 жейдемен өнер көрсетпек

Бүгін 09:36

Алматының Медеу ауданында жедел жәрдем қосалқы станциясы жаңартылды

Бүгін 09:15

Полиэтилен мен алкилат: жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады

Бүгін 08:55

Алматы тауларында қар көшті: бір турист қаза тапты

Бүгін 08:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі