Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түрген өзені маңында сел жүруі мүмкін

Түрген өзені маңында сел жүруі мүмкін

Әлеумет 06.07.2024, 12:26 882
Түрген өзені маңында сел жүруі мүмкін
Сурет: 7-su.kz

Бұл аймаққа баруға уақытша шектеулер енгізілді.

Алматы облысындағы Түрген өзені аумағында 30 мыңнан астам адам тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Түрген өзені бассейнінің мұздақ көлдерінде судың төгілуі мен селдің орын алу қаупін болдырмас үшін су деңгейін төмендету бойынша алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің үйлестіруімен ТЖМ Қазавиақұтқарудың екі тікұшағымен мұздақ көлдің маңында жабдықтарды тасымалдап түсіру жұмыстары жүзеге асырылды. Жұмыстарды «Қазселденқорғау» ММ басшылығы мен авариялық бригадасы жүргізді», деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Екі күн ішінде олар сифон төсеу арқылы еріген мұздық суын айдау жұмыстарын да жүргізді. Осылайша бүгін ұзындығы 300-ге жуық метр, өнімділігі секундына 110 литр болатын алғашқы сифон тізбегі іске қосылды.

«Көлдердегі жұмыстар ауа райына байланысты жалғасады, шамамен биылғы 16 шілдеге дейін жалғасуы мүмкін. Айта кетейік, жүргізіліп жатқан жедел жұмыстар адамдардың өміріне және объектілердің қирауына қауіп төндіретін сел тасқынының пайда болу қаупін болдырмауға бағытталған. Дайындық жұмыстары Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Алматы облысының аумағында Түрген өзенінің бассейнінде күрделі сел жағдайы байқалады. Қауіп-қатер аймағында 30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендері бар. Осыған байланысты мұздықтың және Түрген өзені бассейіні көлінің сел және гидрометеорологиялық жағдайына мониторинг ұйымдастырылды. «Қазселденқорғау» ММ бекеттері халықты уақтылы хабардар ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді», - дейді ТЖМ.

Бұл аймаққа баруға уақытша шектеулер енгізілді. Жаяу туристерді, автокөлік иелерін, жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдарды құлақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мүмкін шара қабылданып жатыр. Сондықтан тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер, деп ескертті құтқарушылар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түрген #сел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Бүгін 18:42

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Бүгін 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Бүгін 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Бүгін 17:17

Онкологиялық қызметті жаңғырту: қалада Құзырет орталығы іске қосылды

Бүгін 16:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі