Тұрақты даму жолындағы он жылдық: Қазақстанның жасыл құрылыс саласы жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда

Тұрақты даму жолындағы он жылдық: Қазақстанның жасыл құрылыс саласы жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда Сурет: Жасыл Құрылыс Кеңесі (KazGBC)

Астанада Қазақстанның Жасыл Құрылыс Кеңесі (KazGBC) ұйымдастырған Green Build Central Asia 2025 форумы өтті.

Биылғы форум Кеңестің он жылдық мерейтойына арналды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шараға әйгілі девелоперлер, сәулетшілер, мемлекеттік органдар өкілдері, қаржы институттары, халықаралық ұйымдар мен жоғары оқу орындары бар 100-ден астам қатысушыжиналды. Форум жасыл құрылыс болашағын талқылауға арналған өңірдегі ең ірі алаңға айналып, Қазақстан мен жалпы Орталық Азиядағы саланың жаңа даму бағытын айқындады. 

Он жыл ішінде KazGBC тұрақты құрылыс экожүйесін қалыптастырып, энергия тиімділігі мен ресурстарды ұтымды пайдалануды ілгерілетті, сондай-ақ халықаралық сараптаманың өңірлік орталығына айналды. Қазақстандық OMIR әдістемесі бойынша жалпы ауданы шамамен 5 млн шаршы метр болатын 150-ден астам нысан сертификатталды. Сонымен қатар OMIR
Әзірбайжанда жасыл құрылыс стандартын әзірлеуге негіз болды.
Форумда саланың басты технологиялары, трендтері мен сын-қатерлері талқыланды:

  • инновациялық құрылыс материалдары, цифрлық шешімдер, 
  • жаңа буын мамандарын даярлау,
  • сондай-ақ OMIR әдістемесінің дамуы. 

Спикерлер қатарында KazGBC өкілдері — Данияр
Азымханов, Айман Шопаева, Александр Белый, сондай-ақ Әзірбайжан Жасыл Құрылыс Кеңесінің директоры Фуад Багиров және құрылыс материалдарын сертификаттау жөніндегі сарапшы
Виктория Глущенко болды.

Форум қонақтары арасында Азиат Даму Банкі, Sat NS, BI Group, Bazis A, АО Отбасы Банк, Satbayev University, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және өзге де ұйымдар өкілдері қатысты.

Форумның ерекше сәті жасыл құрылыс саласындағы үздіктерді марапаттайтын Green Awards рәсімі болды. Марапат иегерлері қатарында Sat NS, OKS Group, Kanfar Building, Азиат
Даму Банкі, Нұр Астана Құрылыс, Nest Stroy, Satbayev University, «Эргономика» ғылыми-өндірістік фирмасы және басқа да ұйымдар бар.
KazGBC директоры Данияр Азымханов он жыл ішінде Кеңес көптеген қиындықтармен бетпе-бет келгенін, алайда бүгінгі нәтижелер команданың тұрақты әрі дамушы жүйе
қалыптастыра алғанын дәлелдейтінін атап өтті.

KazGBC атқарушы директоры Александр Белый нарықтың экологиялық трансформацияға дайын екенін айтып, жасыл құрылыс Қазақстанның тұрақты экономикалық өсіміне және бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін маңызды фактор болатынын жеткізді.
Орталық Азия -Каспий - Кавказ өңіріндегі ынтымақтастық бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беретінін айтты. Оның сөзінше, KazGBC өңірдегі жасыл құрылыс трендтерін айқындап, көрші елдердің кәсіби қауымдастықтары назар аударатын жаңа бағыттарды қалыптастырып отыр.

Green Build Central Asia 2025 форумы құрылыс және экология саласы үшін маңызды оқиғаға айналды. Ол кәсіби байланыстарды нығайтып, жаңа ынтымақтастықтарға жол ашып, Қазақстандағы жасыл құрылыс дамуына серпін берді. Практикалық кейстерді талқылау, OMIR әдістемесін жетілдіру және саланың үздіктерін марапаттау еліміздің тұрақты құрылыс шешімдері бойынша өңірлік орталық ретінде позициясын күшейтті.

“10 жыл ішінде біз тұрақты құрылыс идеяларын нарық дамуының бір бөлігіне айналдырдық. Бүгінде Қазақстанның Орталық Азиядағы жасыл құрылыс көшбасшысы болуға мүмкіндігі бар, ал Green Build Central Asia форумы бұл мақсаттың қол жеткізерлік екенін айқын көрсетті” - деп атап өтті KazGBC.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:15

17:46

17:32

17:03

16:55

16:33

16:11

16:04

15:51

15:31

15:15

15:10

15:05

14:51

14:29

14:14

14:03

13:38

12:39

12:23

12:07

11:57

11:42

11:32

11:20