AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұрақтандыру қорына 20,8 мың литр көлеміндегі дайы...

Тұрақтандыру қорына 20,8 мың литр көлеміндегі дайын өнім жөнелтілді

Әлеумет 13.05.2025, 16:09 824 Bakyt
Тұрақтандыру қорына 20,8 мың литр көлеміндегі дайын өнім жөнелтілді
gov.kz

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы күнбағыс тұқымын сатып алудың үш жақты форвардтық бағдарламасы бойынша күнбағыс майының кезекті партиясын жеткізді. Қарағанды ​​облысындағы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорына 20,8 мың литр көлеміндегі дайын өнім жөнелтілді.

Жалпы алғанда, ұлттық оператор «Кokshe», «Байқоңыр» және «Сарыарқа» ӘКК-мен бекітілген баға бойынша 83,2 мың литр күнбағыс майын жеткізуге үш келісімшарт жасасты.

Дайын өнім көлемінің бір сауда желілері арқылы бөлшек саудаға жіберілді, ал ӘКК күнбағыс майының қалған көлемін ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде сату жоспарланып отыр. Мұндағы басты мақсат өңірлер тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Көкше» ӘКК» АҚ азық-түлікпен қамтамасыз ету және сауда департаментінің директоры Алма Әбдірахманованың айтуынша, күнбағысты форвардтық сатып алу бағдарламасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына нақты қолдау көрсетеді.

«Дайын өнім Көкшетау қаласының 20 дүкеніне жеткізілді, оның ішінде бізбен келісім-шарт жасасқан «Низкоцен» және «Союз» сауда желілері бар. Сонымен қатар, ӘКК екі облыстық жәрмеңкеге қатысып, онда шамамен 3,5 мың литр күнбағыс майы сатылды. Белгіленген әлеуметтік баға әр апта сайын тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етіп, бізге өтінімдер апта сайын түсіп жатты. Нәтижесінде біз қ өңір тұрғындарын қолжетімді бағадағы жоғары сапалы маймен қамтамасыз ете алдық», - деді ол.

Қызылорда облысындағы азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етумен «Байқоңыр» ӘКК айналысады, ол тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясынан 20,8 мың литр күнбағыс майын сатып алды.

«Дайын өнімді форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысу біз үшін бағаның ауытқуына жедел ден қоюға және халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ӘКК қолда бар қорын 37 әлеуметтік дүкен арқылы өткізеді. Мұнда өңір тұрғындары күнбағыс майы мен басқа да азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады. Балғын майдың партиясын жеткізуқажеттілігіне қарай жүзеге асырылатын болады. Біз Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен ынтымақтастықты  өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізетін стратегиялық тұрғыдан маңызды және  келешегі зор бағыт ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті «Байқоңыр» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынмен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Серікбай Мейрамбек.

Еске салайық, 2024 жылғы наурыз айында ұлттық астық операторы күнбағыс өсіруге маманданған шаруаларды алдын ала төлем негізінде қаржыландырған болатын. Астықты  жинағаннан кейін ауылшаруашылық тауар өндірушілері шикізатты «OskemenAgroProdukt» зауытына жіберіп, ол күнбағыс майының үш партиясын, сәйкесінше, 41,6 мың литр, 20,8 мың литр және 20,8 мың литр май өндірді. Дайын өнім Азық-түлік келісімшарт корпорациясының иелігіне түсті.

Форвардтық қаржыландыру бағдарламасы фермерлерді қолжетімді қаржылық ресурстармен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі нарыққа кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз етеді, қайта өңдеуді ынталандырады, азық-түлік тауарларының қолайлы бағасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #күнбағыс майы #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);