AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Тұңғыш әлем чемпионы: қазақстандық дзюдошы Фатима...

Тұңғыш әлем чемпионы: қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева тарихи жеңісіне баға берді

Спорт 28.08.2026, 18:34 208
Тұңғыш әлем чемпионы: қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева тарихи жеңісіне баға берді
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Финал өте тартысты өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева жуырда кадеттер арасында Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарды. Осылайша ол Қазақстанның әйелдер дзюдосы тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды. Жас спортшы тарихи жеңістен кейінгі әсерімен бөлісіп, әлем біріншілігіндегі ең ерекше сәттерді айтып берді.

- Ең алдымен әлем чемпионы атануыңызбен құттықтаймыз! Тарихи жеңістен кейінгі алғашқы әсеріңіз қандай болды?

- Бұл – мен үшін ең үлкен жеңістердің бірі. Әлем чемпионы атану – ерекше сезім. Сол сәтте барлық жанкүйердің қолдауын сезіндім. Жалпы, жарыс өте жоғары деңгейде өтті.

- Әлем чемпионатына дайындық қалай өтті? Оқу-жаттығу жиынын қайда өткіздіңіздер және басты мақсат қандай болды?

- Әлем чемпионаты қарсаңында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Барлығымыз тыңғылықты дайындалып, бар күшімізді салдық. Жарыс кезінде де бабымызда болдық. Командадағы әрбір спортшының басты мақсаты – әлем чемпионы атану еді. Сол жолда аянып қалмадық. Нәтижесінде командалық есепте де үздік шығып, жеңімпаз атандық.

- Чемпионаттағы ең қиын қарсыластарыңыз кімдер болды?

- Жартылай финалда кездескен Израиль спортшысы мен финалдағы украиналық Ксения Кирильчукпен өткен белдесулерді ерекше атап өтер едім. Екеуі де өте мықты дайындықпен келгені көрініп тұр. Бұрыннан таныс, жиі кездесіп жүрген қарсыластарым.

- Ақтық белдесу қалай өтті?

- Финал өте тартысты өтті. Екеуіміз де бір-бірімізге оңайлықпен жол бергіміз келмеді, ешкім жеңілуді қалаған жоқ. Қосымша уақытта белдесудің оныншы секундында тиімді әдіс жасап, қарсыласымды иппонмен жеңдім.

- Әлем чемпионатында есте қалған ерекше сәт болды ма?

- Ең есте қалған сәттердің бірі – командалық сайыс. Өзім командалық бәсекеде күреспесем де, белдесуге шыққан жігіттер мен қыздарға барынша қолдау көрсетіп, жанкүйер болдық. Қатты уайымдадық. Ал олар жеңіске жеткен сәтте эмоцияға беріліп, тіпті көзімізге жас келді.

- Жанкүйерлердің және командаластарыңыздың қолдауы сезілді ме?

- Әрине, қолдауды қатты сезіндім. Әсіресе, финалдық белдесуге шығар сәтте бапкерлерім мен ағайларымның жігерлендірген сөздері ерекше әсер берді.

- Алдағы жоспарларыңыз қандай? Қай жарыстарға қатысуды көздеп отырсыз?

- Ең басты мақсатым – Дакарда өтетін Олимпиада ойындарына қатысу. Сол додада ел намысын қорғап, жүлде жеңіп алу үшін бар күшімді саламын.

- Ал басты арманыңыз қандай? Әлем чемпионы атану сол армандардың бірі болды ма?

- Меніңше, әрбір спортшының ең үлкен арманы – Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алу. Біз күн сайын сол мақсатқа жету үшін еңбек етеміз. Ал әлем чемпионы атану мен үшін арманнан гөрі алдыма қойған негізгі мақсаттардың бірі еді. Сол мақсатыма жеттім. Ендігі кезекте одан да биік белестерді бағындыруға тырысамын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дзюдо #кадеттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ философиясы: тарихи мұра және заманауи үдерістер

Бүгін 20:01

Қала күні қарсаңында Алматы қуыршақ театры 91-маусымның шымылдығын ашты

Бүгін 18:44

Алматыда жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бүгін 18:04

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге»: ұландықтар оқушыларға Ерлік сабағын өткізді

Бүгін 17:44

Абай университетінде халықаралық форум басталды

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);