Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Түмен облысында Ресейдегі қазақтар бас қосты

Түмен облысында Ресейдегі қазақтар бас қосты

Әлем 20.07.2023, 06:12 1,093
Түмен облысында Ресейдегі қазақтар бас қосты
Сурет: 7152.kz

Түмен облысында шетелдегі қазақтардың құрылтайы өтті.


Оған Ресейдің түкпір-түкпірінен 17 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 


Шағын құрылтай Түмен облысында 1997 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Ал мұндай ауқымды жиын биыл алғаш рет өткізіліп отыр.


Шеттегі қазақтар үшін құрылтай басты мерекелердің бірі. Жыл сайын Түмен облысында қандастарымыз бас қосып, өзекті мәселелерді талқылайтын. Биыл шараның маңызы арта түсті. Жиында өткен бес жылға есеп беріліп, келешекке жоспар бекітілді.



«Өз тарихи Отанымызды ешқашан ұмытпаймыз. Өз дәстүрімізді, тілімізді сақтап, өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп келеміз. Мәдени-гуманитарлық жобалардан бөлек, екіжақты экономиканың дамуы үшін де түрлі жобаларды қолға алдық», - Түмен қазақтары Ұлттық мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ыбыраев. 



Жалпы Түмен облысында 150-ден астам ұлт өкілі тұрады. Мұнда соңғы жылдары қазақтардың саны үш есе өскен. Яғни 18 мыңнан 39 мың адамға жетті. Өңірде қазақ мәдени орталықтары жұмысын жандандыруда. Сондай-ақ қазақ тілі үйірмелерінің санын арттыру жайы да жоспарда.


Құрылтай аясында Түменде 15 киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылды. Ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар көптің қызығушылығына ие болды. Ат жарысы, күрес, гір көтеру сияқты спорттық ойындар да кіл мықтылар анықталды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түмен облысы #құрылтай #Қазақтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Кеше 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Кеше 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Кеше 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Кеше 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі