AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Тұман, көктайғақ: 27 наурызда 16 облыста дауылды е...

Тұман, көктайғақ: 27 наурызда 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Алматы 27.03.2026, 09:04 215 Дина
Тұман, көктайғақ: 27 наурызда 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

27 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылып, жел күшейіп, тұман түсіп, кей жерлерде найзағай мен көктайғақ күтіледі. Синоптиктер 16 облыста дауылды ескерту жариялап, тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

27 наурыз күні Қазақстанның 16 облысында ауа райы құбылып, дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Әсіресе Жетісу облысындағы Алакөл маңында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Ұлытау мен Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, шығыс және солтүстік-шығыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ақтауда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдығы жоғары.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнап, жел күшейеді. Жамбыл облысында да тұман мен шаңды дауыл болжанып отыр. Кей аумақтарда жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Алматы облысының таулы өңірлерінде де жел күшейіп, екпіні 18 м/с болуы мүмкін.

Солтүстік және шығыс өңірлерде де жағдай күрделі. Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында тұман түсіп, түнгі және таңғы уақытта жолдарда көктайғақ қалыптасады.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында да тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін артады.

Синоптиктер алдағы тәулікте ауа райы құбылмалы болатынын ескертіп, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін 12:34

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 11:29

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);