АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияның аяқталу кезеңіне өтіп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
“Бізде бәрі жақсы жүріп жатыр. Бұл (әскери операция — ред.) аяқталуға жақындап қалды”, — деді Дональд Трамп.
Еске сала кетейік, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы әскери операция бастап, бірқатар қалаларға әуе соққыларын жасаған. Бұған жауап ретінде Иран Израиль аумағына зымырандар ұшырып, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріндегі америкалық әскери базаларға шабуыл жасаған. Жағдайға байланысты аймақтағы бірқатар мемлекеттер әуе кеңістігін уақытша жапты. Сол күні соққылар нәтижесінде Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи қаза тапты.
Кейінірек АҚШ-тың Иран билігіне Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату бойынша 15 тармақтан тұратын жоспар жолдағаны белгілі болды.