AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Трамп Ақ үйде пасторлармен бірге дұға жасады

Трамп Ақ үйде пасторлармен бірге дұға жасады

Әлем 06.03.2026, 11:01 708
Трамп Ақ үйде пасторлармен бірге дұға жасады
X.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі сопақ кеңседе елдің әр өңірінен келген пасторлар мен діни көшбасшыларды қабылдап, олармен бірге дұға жасады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Ақ үйде өткен кездесуде АҚШ-тың түрлі штаттарынан келген пасторлар мен діни жетекшілер жиналып, президент Дональд Трамп үшін және елдің болашағы үшін дұға етті. Кездесу Сопақ кабинет (овальды кабинет) ішінде өткен.

Желіде тараған видеода Трамп жұмыс үстелінде отырған сәтте пасторлар оның айналасына жиналып, кейбірі қолдарын иығына қойып дұға оқығаны көрінеді. Дұға кезінде президентке даналық, күш-қуат және қорғау тілеген. Сондай-ақ АҚШ әскері мен елге қызмет етіп жүрген азаматтарға да амандық сұралған.

Ақ үйдің байланыс жөніндегі кеңесшісі Марго Мартин бұл сәттің видеосын әлеуметтік желіде жариялаған. Кадрларда діни жетекшілер президенттің елді басқаруда дұрыс шешім қабылдауына Құдайдан көмек сұрап, АҚШ-тың «Құдайдың қорғауындағы біртұтас мемлекет» болып қала беруін тілейді.

БАҚ мәліметінше, Трамптың діни қауым өкілдерімен мұндай кездесулері бұрын да бірнеше рет ұйымдастырылған. Бұл оның діни ұйымдармен байланысын сақтауға бағытталған бастамаларының бірі ретінде қарастырылады.

Сарапшылардың айтуынша, АҚШ саясатында дін тақырыбы маңызды рөл атқарады және президенттердің діни көшбасшылармен кездесуі елдегі сенім бостандығы мен қоғамдық қолдауды нығайтуға бағытталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Трамп #Ақ үй #Дұға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Бүгін 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Бүгін 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Бүгін 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58

Әлеуметтік жарна уақытылы аударылмаса, қайда шағымдану керек?

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);