AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / TRADEX халықаралық сауда форумы

TRADEX халықаралық сауда форумы

Экономика 21.11.2024, 17:05 876 Айнабай Мәди
TRADEX  халықаралық сауда форумы
Сурет: aqshamnews.kz

Алматыда өткен бұл форум халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық саласының болашағы мен жаңа трендтерді талқылауға ниет білдірген сауда және логистика саласындағы жетекші бизнес өкілдерінің, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, мемлекеттік органдар  өкілдерінің басын қосты.

 Іс-шара Консалтингтік және сауда компанияларының қауымдастығы, Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, Consulting Group DASCO ұйымдастыруымен өтті. TRADEX  2024 форумы – Қазақстанның Орталық Азияның негізгі сауда хабы, Еуропа мен Азия арасындағы көпірі ретіндегі ұстанымын нығайтудың жарқын көрінісі. Алматы қаласы еліміздің ірі қаржы-экономикалық, көліктік және сауда орталығы ретінде іскерлік байланыс орнатуға, халықаралық сауданың өзекті мәселелерін талқылауға көмектесетін осы сынды  форумдарды өткізуде ең ыңғайлы алаң екені рас.  Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дәрмен Сәдуақасов сауданы ел экономикасының ең ірі секторы деп атады.

«Қазақстанда сауда саласында 818 мың субъект жұмылдырылды. Бұл бүкіл отандық бизнестің шамамен 35 %-ын құрайды. Тиісінше, сауда саласы ең көп жұмыс орындарын қамтиды. 2024 жылдың III тоқсанында шығарылған сараптамаға сай, 1,5 жарым миллионнан астам адам осы салада табыс табуда. Бұл көрсеткіш – еңбек нарығының 16,7 %-ы», – деп атап айтты министрліктің Қоғамдық кеңес төрағасы Д. Сәдуақасов

Соңғы жылдары ерекше серпінге сыртқы сауда ие болды. ҚХР Бас консулы Цзян Вэй атап өткендей, өткен жылы Қытай мен Орталық Азияның бес елінің арасындағы тауар айналымы 90 млрд. американ долларын құрады.  Бұл ретте сол соманың жартысы – Қазақстанға тиесілі.

«Атамекен» палатасы екінші жыл қатарынан Central Asian Trade Expo форумының ұйымдастырушылары қатарында. Бұл – біздің халықаралық аренада Алматы мен Қазақстан кәсіпкерлерінің мүддесін қолдауға, ілгерілетуге қосқан үлесіміз. Біз кәсіпкерлерге жаңа нарыққа шығуға, серіктес табуға, келісімшартқа қол қоюға көмектесу үшін бизнес-қоғамдастықпен белсенді жұмыс істейміз. TRADEX форумында біз өңірдегі бизнесті дамыт мен бизнес-ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар бастама ұсындық», – деп атап өтті Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП директорының шағын кәсіпкерлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі орынбасары Ақеркін Эралиева.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#TRADEX #сауда форумы #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);