AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Төрт күндік жұмыс аптасына рұқсат берілуі мүмкін

Төрт күндік жұмыс аптасына рұқсат берілуі мүмкін

Әлеумет 19.01.2023, 07:41 1,204
Төрт күндік жұмыс аптасына рұқсат берілуі мүмкін
Сурет: Kazaknews.kz

Яғни, қызметкер бір ай 4 күннен, бір ай 6 күннен жұмыс істесе болады.


Қазақстандықтар 4 күндік жұмыс уақытын таңдаса, жалақысы өзгермейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Сол қалпы қалады. Алайда мұндай графикпен мәңгі жұмыс істей алмайсыз. Яғни, қызметкер мен жұмыс беруші келісіп, бір ай 4 күннен, бір ай 6 күннен жұмыс істесе болады. Мұндай өзгеріс қашан күшіне енетіні белгісіз, бір анығы Еңбек кодексі туралы құжат Мәжіліс қарауында. 5 күндік жұмыс кестесінің жылдық нормасы -1960 сағат. Сәйкесінше, мына 4 күндік жұмыс аптасына көшкен кезде жылдық норма сақталады. Жалақысына тоқталатын болсақ, Еңбек кодексіне сәйкес жалақы құны азаматтардың белгілі бір жұмысына, оның көлеміне, біліктілік талабына сайкес төленеді. Сәйкесінше, бұл жерде де жалақы сақталады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің басқарма басшысы Шалқар Оразбеков.



Еңбек кодексіндегі тағы бір жаңашылдық – еңбекке уақытша жарамсыздық үшін төленетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды. Яғни, бұрын оның сомасы 45 мың теңге болса, енді шамамен 86 мың теңгеге көтерілді. Мәселен, сіз денсаулығыңызға байланысты жұмыстан 4 күн қалсаңыз, сізге 86 мың теңгеге дейін жәрдемақы беріледі.



«4 күн ол кісі жұмыста болған жоқ. Сәйкесінше, ол кісінің сол айдағы жалақысы жалпы қалыпты алып жүрген жалақысынан сәл төмендеу болуы мүмкін. Бірақ жұмысқа жарамсыздық қағазы арқылы шығынды толтырады», – деді Шалқар Оразбеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #жалақы #Апта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05

Алматыда жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселелері талқыланды

Бүгін 10:05

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);