AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Төрт адамның өліміне әкелген ферроқорытпа зауытын...

Төрт адамның өліміне әкелген ферроқорытпа зауытындағы жазатайым оқиғаға жұмыс беруші кінәлі екені анықталды

Әлеумет 23.08.2024, 14:59 2,103 dulatbekova
 Төрт адамның өліміне әкелген ферроқорытпа зауытындағы жазатайым оқиғаға жұмыс беруші кінәлі екені анықталды
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 20 шілдеде Қарағанды қаласында орналасқан «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытындағы адам шығыны орын алған топтық жазатайым оқиғаны тергеу үшін құрылған арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын зерделеп, негізгі кінә жұмыс берушіде екенін анықтады.

Комиссия мүшелері техникалық құжаттаманы, оқиға болған жерді тексеру нәтижелерін, куәгерлердің сауалнамаларын, сараптама ұйымының қорытындысын, нормативтік құжаттар мен басқа да материалдарды зерделегеннен кейін осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны анықталды.

Комиссия мүшелері зардап шеккендермен және зардап шеккендердің отбасы мүшелерімен кездесті, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың әлеуметтік қорғауға заңды құқықтары түсіндірілді.

Арнайы комиссияның тергеу нәтижелері және жиналған барлық материалдар болған жазатайым оқиғаға кінәлі деп танылған адамдарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына берілетін болады.

Сондай-ақ, комиссия «YDD Corporation» ЖШС басшылығына жазатайым оқиғаның себептерін жою және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу жөнінде шаралар кешенін қабылдауға қаулы етті.

Жұмыс берушінің ақпаратына сәйкес, жұмыс берушінің міндеттемелеріне қатысты материалдық сипаттағы барлық мәселелер, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жақын туыстарына өзге де көмек көрсету реттелген.

Сонымен қатар, жұмыс беруші зардап шеккендердің жақын туыстарына өтеусіз материалдық көмек көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 шілдесінде Қарағанды қаласында «YDD Corporation» ферроқорытпа зауытында өндірісте жазатайым оқиға орын алып, нәтижесінде сегіз жұмысшы зардап шекті, олардың төртеуі қаза тапты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарағанды ферроқорытпа зауыты #«YDD Corporation» #жұмыс беруші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);