AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тоқтар Әубәкіров коронавирус инфекциясымен аурухан...

Тоқтар Әубәкіров коронавирус инфекциясымен ауруханаға түсті

Әлеумет 24.08.2021, 15:42 956
Тоқтар Әубәкіров коронавирус инфекциясымен ауруханаға түсті
Сурет: Facebook.com

Ғарышкер COVID-19 қарсы екпе алған.


Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty-tv сайтына сілтеме жасап.


Президент іс басқармасының медициналық орталығының хабарлауынша, сенбі күні Әубәкіров медициналық орталық ауруханасына хабарласып, жөтел, әлсіздік пен тершеңдік бар екенін айтқан.



«Жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді. Тексеріс кезінде жағдай тұрақты болған. Сатурация 95%, ал температурасы 36.6. ПТР-сынама алынды»,– дейді мамандар.  



Тест вирус жұқтырғанын көрсетті. Әубәкіров 6 күннен бері ауырып жүргенін жеткізді. Үйде «Сумамед» деген дәрі ішкен. Бірақ аурухананың көмегіне жүгінбеген.



«23 тамызда аурухананың мобильді тобы үйіне барып, анализ алды. Кеуде тұсының компьютерлік томографиясы да жасалды. Зертханалық зерттеудің нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан қалалық инфекциялық орталығына жіберілді. Бірақ пациент ауруханаға жатудан бас тартты», – деді аурухана қызметкерлері.  



Бүгін таңертең мамандар ғарышкермен тағы сөйлесіп, инфекциялық орталыққа жатуға көндірді. Диагнозы – COVID-19. Жағдайы орташа ауыр. Екіжақты полисегментарлық пневмония анықталды.


Тоқтар Әубәкіров коронавирусқа қарсы вакцина алған. Екінші дозасы 17 сәуірде салынған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #кви #Әубәкіров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);