ffin.kz

Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы қаншалықты жүзеге асты?

Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы қаншалықты жүзеге асты? Сурет: Аqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі Конституциялық реформалардан кейінгі Президент сайлауында мемлекет басшысы болып сайланып, жеңіске жеткеніне бір жыл толды.


Депутат Ерлан Сайыров бағдарламаның көптеген аспектіcі шұғыл түрде іске асырылып жатыр деген пікірде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров Facebook желісіндегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық реформалардан кейінгі сайлауда президент болып сайланғанына бір жыл толуына орай мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды.


Депутат бір жыл өткеннен кейін Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының көптеген аспектілері шұғыл түрде іс жүзіне асырылып жатқанын атап өтті.



"Халықаралық турбуленттілікке байланысты, басқа көптеген елдерде экономикалық өсім баяулап, әлеуметтік деңгейі төмендеп отыр. Қазақстанда, керісінше көптеген әлеуметтік бағдарламалар іс-жүзіне асып жатыр. Экономикалық конъюктураның нашарлауына қарамастан, біздің елдің ІЖӨ-де әжептәуір өсім байқалуда", – деп жазды ол.



Депутаттың пікірінше, сол өсімнің басым көпшілігі жеке адамдардың құлқынына кетпей, халықтың адам капиталын арттыруға бағытталып жатыр.



"2022 жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 млрд теңге сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Оның ішінде 159,8 млрд теңгесі шетелдік юрисдикциялардан түскен ақша қаражаты түрінде. Бұл сома мемлекет бюджетіне түсті. Осылайша, Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге, Түркиядан 253 млн теңге қайтарылды", деп атап өтті Ерлан Сайыров.



Сондай-ақ ол жақында ғана мемлекет басшысының "Ұлттық қор – балаларға" жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу үшін заңнамалық түзетулерге қол қойылғанын еске салып өтті. Оның аясында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық бала арасында бөлінетін болады. Бала қаражатты кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім алуға немесе баспана сатып алуға пайдалана алады.



"2024 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көбейді. Осының арқасында әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда барлық сала бойынша жұмыс істейтін шамамен 1,8 млн жалдамалы қызметкердің табысы өседі", деп мәлімдеді Ерлан Сайыров.



Бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша шамамен 632 мың ата-ана 258 млрд теңгеден астам сомаға төлем алды.


Бұрын тауар түрінде берілген атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет монетизацияланды. Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 6 млрд теңге сомасына 182 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.



"Түрлі инстанцияларға жүгінбей-ақ, проактивті форматта мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастыратын Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) енгізілді. Мысалы, әлеуетті қызмет алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі қажет. Өтінішті толтыру және жәрдемақыларды немесе төлемдерді тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады, осыдан кейін қаражат қызмет алушының банктік шотына аударылады", деді Ерлан Сайыров.



Оның сөзінше, Цифрлық карта мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде қалыптасады. Бүгінгі таңда онда 6 млн-нан астам отбасы туралы мәлімет жинақталған.



"2029 жылға дейін 3,3 млн-нан астам азаматты жұмыспен қамту міндетін жүзеге асыру үшін 450 мың жаңа жұмыс орнын құру, оның ішінде жастарға арналған 200 мың жұмыс орнымен (44%-ын) қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Жұмысқа орналастыру ұлттық жобалар, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары арқылы және т. б. арқылы жүзеге асырылып жатыр", деді депутат.



Депутат келтірген мәлімет бойынша, жалпы әкімдіктерде өңірлік жұмыспен қамту карталары бекітіліп, соған сәйкес 911 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 847 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 420 мыңнан астамы – жастар.



"Уақытша жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау жүйесі, оның ішінде жұмысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер көлемін кірістің 45%-ына дейін ұлғайту арқылы күшейтілді. Оны 1 қарашадағы жағдай бойынша 37,8 млрд теңге сомасына 172,3 мың адам алды. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының қатарындағы, оның ішінде мүгедектігі бар кәсіпкерлерге 9 мыңнан астам грант (400 АЕК-ке дейін) берілді. Грант алу үшін business.enbek.kz порталы арқылы "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздерін оқуы қажет", деді Ерлан Сайыров.



Оның сөзінше, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын отбасы мүшелеріне жеке көмекші ретінде еңбек ақысын төлеу және жұмыс уақытын еңбек өтіліне қосып тіркеу мүмкіндігі енгізілді.


ҚР азаматтарының мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ішкі еңбек нарығын қорғау шараларын күшейту шеңберінде 2023 жылы шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы өткен жылмен салыстырғанда 21,5%-ға қысқартылды.


Бұған қоса Ерлан Сайыров биылғы 1 наурыздан бастап жас кәсіпкерлерге "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жылдық 2,5%-бен шағын несие беру көзделгенін атап өтті. Оның дерегінше, 7,4 мың өтінім қабылданды, 24,1 млрд теңге сомасына 5,3 мыңнан астам шағын несие мақұлданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39