AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Тоқаев жастарды көбірек кітап оқуға шақырды

Тоқаев жастарды көбірек кітап оқуға шақырды

Мәдениет Бүгін 13:00 75
Тоқаев жастарды көбірек кітап оқуға шақырды
akorda.kz

Мемлекет басшысы Астана мен Алматыда Президенттік кітапханалар ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сыни ойлауды жай ғана батырмаларды басу арқылы дамыту мүмкін емес, ал жасанды интеллект көмегімен классикалық шығармаларды қысқаша мазмұндау – қауіпті жеңілдету. Жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан заманда жастар кітап оқуды жалғастыруы керек. Жақын арада Астана мен Алматы қалаларында тәулік бойы жұмыс істейтін, оқырмандарға қағаз және цифрлық басылымдарды ұсынатын Президенттік кітапханалар ашылады.

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен AI Journey 2026 халықаралық конференциясы аясында жасанды интеллект саласындағы жас таланттармен кездесуде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы пікірталасқа қатысушыларға үн қатып, нейрожелілердің пайда болуына байланысты классикалық әдебиетті оқудың маңызы төмендеді деген пікірмен келіспейтінін айтты.

«Сыни тұрғыдан оқуға қатысты жақсы ой айтылды. Оны батырмаларды басу арқылы меңгеру мүмкін емес. Бұған тек кітап оқу арқылы қол жеткізуге болады. Қалай болғанда да, кітап оқуды ешкім тоқтатқан жоқ. Маған жасанды интеллект дәуірінде Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романын, Тургеневтің «Көктемгі тасқындарын“»немесе Чеховтың пьесаларын оқу ескірген дүние деген пікірлер айтылады. Ал мен керісінше ойлаймын», – деді Президент.

ChatGPT классикалық шығармаларды толық алмастыра ала ма?

Мемлекет басшысы жасанды интеллект мүмкіндіктерін көрсету үшін Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романына қатысты жүргізілген тәжірибені мысалға келтірді.

«Айтпақшы, бір тәжірибе жүргізілген. ChatGPT-ден «Соғыс және бейбітшілік» романының мазмұнын қысқаша баяндау сұралған. Ол қазіргі тілмен айтқанда, 25 беттен тұратын summary, яғни қысқаша мазмұн ұсынған. Біз одан: «Бұл енді «Соғыс және бейбітшілік» емес қой. Романның түпнұсқасы 600 беттен тұрады», – деп сұрадық. Сонда ол: «Қалғанының бәрі маңызды емес», – деп жауап берген. Мен мұны өте қауіпті деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Астана мен Алматыдағы Президенттік кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейді

Қасым-Жомарт Тоқаев ChatGPT пен заманауи технологиялардың пайдасын жоққа шығармайтынын, алайда қазақстандық жастардың бойында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, бұған дейін елімізде оқитын ұлт қалыптастыруға бағытталған арнайы Жарлық қабылданған.

«Жақын арада Астана мен Алматы қалаларында Президенттік кітапханалар ашылады. Онда келушілерге тәулік бойы, яғни 24 сағат бойы қызмет көрсету мүмкіндігі жасалады. Кітапханаларда дәстүрлі баспа кітаптарымен қатар цифрлық басылымдар да болады. Кітапты міндетті түрде қағаз нұсқасында оқу шарт емес, электронды форматты да пайдалануға болады. Меніңше, бұл – дұрыс шешім», – деп атап өтті Президент.

Осылайша, жаңа кітапханалар оқырмандарға дәстүрлі және цифрлық форматтағы әдебиеттерді тәулік бойы пайдалануға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ҮЕҰ-ды дамыту және қолдау мәселелері талқыланды

Бүгін 13:31

Tatler Asia Алматыны Азиядағы қысқы демалысқа арналған үздік сегіз бағыттың қатарына қосты

Бүгін 13:21

Дағдарыстан жаңғыруға дейін: Қазақстанның мал шаруашылығы 35 жылда қалай өзгерді?

Бүгін 13:16

«Астана Опера» театрында «Томирис» ұлттық балетінің әлемдік премьерасы өтті

Бүгін 12:40

Қазақстанда «Қасыңдағы адам» науқаны бастау алды

Бүгін 12:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);