AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Tatler Asia Алматыны Азиядағы қысқы демалысқа арна...

Tatler Asia Алматыны Азиядағы қысқы демалысқа арналған үздік сегіз бағыттың қатарына қосты

Әлем Бүгін 13:21 50
Tatler Asia Алматыны Азиядағы қысқы демалысқа арналған үздік сегіз бағыттың қатарына қосты
Алматы әкімдігі

Басылым Алматының басты артықшылықтарының бірі ретінде қалаға жақын орналасқан тау курорттарын атап өткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының халықаралық туристік әлеуеті тағы бір мәрте мойындалды. Tatler Asia беделді басылымы қаланы Азиядағы қысқы демалысқа қолайлы сегіз үздік туристік бағыттың тізіміне енгізді.

Бұл тізімде Алматы Жапонияның Хоккайдо, Қытайдың Харбин және Оңтүстік Кореяның Тогюсан сияқты танымал қысқы демалыс орындарымен қатар аталды.

Басылым Алматының басты артықшылықтарының бірі ретінде қалаға жақын орналасқан тау курорттарын атап өткен. Аспалы жолмен «Медеу» кешенінен «Шымбұлаққа» 20 минутқа жетпей жетуге болады. Ал одан әрі теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Талғар асуына көтерілуге мүмкіндік бар. Мұнда түнгі уақытта шаңғы тебуге болатын әлемдегі ең биік тау шаңғысы трассасы орналасқан.

Алматыны басқа туристік орталықтардан ерекшелендіретін басты қасиет – заманауи қалалық өмір мен биік таулы табиғаттың қатар үйлесуі. Туристер бір күннің ішінде тау шаңғысын теуіп, ұлттық мәдениетпен таныса алады, музейлерді аралап, мейрамханалар мен заманауи өнер кеңістіктеріне бара алады.

Қаланың осы мүмкіндіктерін кеңейту үшін Алматы әкімдігі тау кластерін дамыту жобасын жүзеге асырып жатыр. Оның аясында жаңа аспалы жолдар салу, тау шаңғысы трассаларын көбейту, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ жыл бойы туристерді тартатын жаңа демалыс орындарын қалыптастыру жоспарланған.

Tatler Asia жариялаған бұл рейтинг Алматының халықаралық туристік нарықтағы танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар отандық курорттардың бәсекеге қабілеттілігін танытып, шетелдік туристер мен инвестиция тартуға жол ашады. Бұл қаланың Азиядағы болашағы зор тау туризмі орталықтарының бірі ретіндегі беделін нығайта түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ҮЕҰ-ды дамыту және қолдау мәселелері талқыланды

Бүгін 13:31

Дағдарыстан жаңғыруға дейін: Қазақстанның мал шаруашылығы 35 жылда қалай өзгерді?

Бүгін 13:16

Тоқаев жастарды көбірек кітап оқуға шақырды

Бүгін 13:00

«Астана Опера» театрында «Томирис» ұлттық балетінің әлемдік премьерасы өтті

Бүгін 12:40

Қазақстанда «Қасыңдағы адам» науқаны бастау алды

Бүгін 12:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);