AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Дағдарыстан жаңғыруға дейін: Қазақстанның мал шару...

Дағдарыстан жаңғыруға дейін: Қазақстанның мал шаруашылығы 35 жылда қалай өзгерді?

Экономика Бүгін 13:16 53
Дағдарыстан жаңғыруға дейін: Қазақстанның мал шаруашылығы 35 жылда қалай өзгерді?
Primeminister.kz

Бүгінде кәсіпкерлер тірі малды шетелге шығарумен ғана шектелмей, ет комбинаттары мен сүт өңдеу зауыттарын салуға басымдық беріп отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

1990 жылдардан бері Қазақстанның мал шаруашылығы ауыр дағдарысты бастан өткеріп, ауылдағы жеке шаруашылықтардың арқасында сақталып қалды. Бүгінде сала біртіндеп цифрлық технологияларға негізделген заманауи агробизнеске айналып келеді.

1990 жылдар: мал басы 3-4 есе қысқарды

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жабылып, мал жаппай сойылды.

1999 жылға қарай ірі қара мал саны 9,7 миллионнан 4 миллионға дейін азайды. Ал қой мен ешкі саны төрт есеге жуық қысқарып, 35,6 миллионнан 9,6 миллионға дейін төмендеді.

Осы кезеңде еліміздің мал шаруашылығы негізінен жеке қосалқы шаруашылықтардың арқасында сақталып қалды. Елдегі барлық мал басының 80 пайыздан астамы жеке аулаларда шоғырланды.

Соңғы 10 жылда асыл тұқымды мал мен бордақылау кешендеріне басымдық берілуде

Қазақстанда асыл тұқымды ангус пен герефорд ірі қараларын әкелу қарқын алды. Сонымен қатар ірі бордақылау алаңдары мен заманауи сүт фермалары салына бастады.

Нәтижесінде мал шаруашылығы біртіндеп дәстүрлі үй шаруашылығынан жүйелі өндіріс пен табыс әкелетін бизнес саласына айналды.

Қазір Қазақстанның мал шаруашылығында бірқатар маңызды өзгеріс байқалады.

Жылқы саны бойынша тарихи рекорд

Ірі қара мал саны шамамен 8,8 миллионға, қой саны 22,6 миллионға жеткенімен, бұл көрсеткіштер 1990 жылғы деңгейге әлі толық оралған жоқ.

Ал жылқы шаруашылығы бұрынғы көрсеткіштерден асып түсті. Қазір Қазақстанда шамамен 4,8 миллион жылқы бар. Осы көрсеткіш бойынша еліміз әлемдегі алғашқы бес мемлекеттің қатарына кіреді.

Түйе саны да айтарлықтай өсіп, соңғы жылдары 2,5 есеге артты. Қазір еліміздегі түйе басы 310 мыңнан асады.

Қол еңбегінің орнына заманауи технологиялар келді

Ірі тауарлы сүт фермаларында автоматтандырылған сауу карусельдері қолданылады. Сонымен қатар мал басын цифрлық чиптеу және электронды есепке алу жүйелері енгізіліп жатыр.

Бұл технологиялар өндіріс тиімділігін арттырып, малдың жағдайын бақылауға және шаруашылықты басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Шикізат экспортынан өнім өңдеуге көшу

Бүгінде кәсіпкерлер тірі малды шетелге шығарумен ғана шектелмей, ет комбинаттары мен сүт өңдеу зауыттарын салуға басымдық беріп отыр.

Негізгі экспорттық бағыттардың қатарында Қытай, Парсы шығанағы елдері және Орталық Азия мемлекеттері бар.

Мал шаруашылығының экономикалық көрсеткіштері қалай өзгерді?

Соңғы жеті жылда Қазақстандағы мал шаруашылығының жалпы өнімі 1,7 есе өсті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша саланың жалпы өнімі 2,3 триллион теңгеден 3,8 триллион теңгеге жеткен. Ал 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 3,2 триллион теңгені құрады.

Осылайша, 35 жыл ішінде Қазақстанның мал шаруашылығы терең дағдарыстан өтіп, технологиялық жаңғыру мен экспортты дамыту кезеңіне қадам басты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ҮЕҰ-ды дамыту және қолдау мәселелері талқыланды

Бүгін 13:31

Tatler Asia Алматыны Азиядағы қысқы демалысқа арналған үздік сегіз бағыттың қатарына қосты

Бүгін 13:21

Тоқаев жастарды көбірек кітап оқуға шақырды

Бүгін 13:00

«Астана Опера» театрында «Томирис» ұлттық балетінің әлемдік премьерасы өтті

Бүгін 12:40

Қазақстанда «Қасыңдағы адам» науқаны бастау алды

Бүгін 12:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);