AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев: Салық реформасы – "фискалдық науқан" емес,...

Тоқаев: Салық реформасы – "фискалдық науқан" емес, жүйені қайта құру

Саясат 05.01.2026, 10:51 1,080
Тоқаев: Салық реформасы – "фискалдық науқан" емес, жүйені қайта құру
Сурет: Nege.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Turkistan" газетіне берген сұхбатында салық реформасына қатысты пікір білдіріп, қоғамда дүрбелең туғызуға негіз жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Президенттің сөзінше, мұндай өзгерістер көптеген елде жүріп жатыр, мысал ретінде Ресейде қосымша құн салығының 22 пайызға дейін көтерілгенін келтірді.

"Әрине, салық реформасы – өзекті мәселе және бұған қатысты пікірталастардың болуы әбден түсінікті. Дегенмен, ел ішінде дүрбелең туғызып, жұртты дүрліктірудің ешқандай жөні жоқ. Мұндай реформа көптеген елде жүргізіліп жатыр. Мысалы, Ресейде қосымша құн салығы жуырда 22 пайызға дейін көтерілді", - деді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қосымша құн салығына қатысты талқылауда бұрынғы Үкіметтің де, қазіргі Үкіметтің де мөлшерлемені 20 пайызға дейін көтеруді ұсынғанын еске салды. Алайда Президент Үкіметке оның жоғарғы шегін 4 сатыға төмендету туралы тапсырма берген.

"Жаңа Салық кодексінде бақылау жасауға емес, өзара серіктестік орнатуға баса мән беріледі, яғни, осы үдеріске қатысушылардың бәрі – мемлекет те, бизнес те, азаматтар да өз міндетін адал орындауға тиіс. Бірін-бірі өзара толықтырып тұратын мұндай жүйеде салық төлеу ауыртпалық ретінде қабылданбайтын болады. Түптеп келгенде, салық төлеу дегеніміз – заманауи қоғамдық келісімшарт деген сөз. Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады. Керек десеңіз, бұл – әділдік болу үшін жүктемені қайта бөлу құралы, әлеуметтік тұрғыдан әлсіздерді қолдау және экономикалық тұрғыдан «белсенді ортаны» одан әрі дамыту тәсілі", - деді ол.         

Сондай-ақ Мемлекет басшысы фискалдық саясаттың тиімділігі оны жүргізудің сапасына, қоғамның салық сауатына және сана-сезіміне байланысты екенін айтып, салық төлеу мәдениеті қалыптасуы керектігін атап өтті. Президент салық төлеуді отаншылдықтың озық үлгісіне теңеп, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам құруға ықпал ететінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Салық Кодексі #Тоқаев #сұхбат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жас таланттар тоғысқан өнер додасы

Бүгін 08:42

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Кеше 18:15

Күзде қандай көкөніс пен жеміс жеген дұрыс?

Кеше 15:10

Риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

Кеше 14:10

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Кеше 12:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);