Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / TOP-5: Еліміздегі суармалы алқаптар

TOP-5: Еліміздегі суармалы алқаптар

Әлеумет 21.02.2025, 17:41 815
TOP-5: Еліміздегі суармалы алқаптар
Сурет: Gov.kz

1. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өткен жылы 332 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті. Облыста филиалға қарасты 18 су қойма, 11 су бөгеті, жалпы ұзындығы 5733 шақырым болатын 1891 канал бар. 2024 жылғы суару кезеңінде Түркістан облысының су көздерінен шаруаларға 1,9 млрд текше метр су берілді.

2. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Қызылорда облысында 286 мың гектар суармалы жер болса, оның 178,6 мың гектары инженерлік жүйеге келтірілген ауыспалы егістіктер. Атап айтқанда, 159,3 мың га күріш ауыспалы егістігі, 19,3 мың га мал азықтық және көкөніс ауыспалы егістігі. 2024 жылы облыс бойынша барлығы 189,4 мың гектарға егiс егілді. Оның ішінде 85,6 мың га күріш алқабы. Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір дихандарын 3,7 млрд текше метр сумен қамтамасыз етті.

3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы өткен жылы 51 мың гектардан астам егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті. Филиал шаруалармен 2768 келісім шарт жасап, 545 млн текше метр су берді. Алматы облысындағы 2 ірі су қоймасы: Бартоғай және Күрті су қоймаларының арқасында аймақта вегетациялық кезеңі сәтті өтті. Былтыр Бартоғай су қоймасына 1,4 млрд, ал Күрті су қоймасына 195 млн текше метрге жуық су келді.

4. ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 180 мың гектар суармалы жерге қызмет көрсетеді. Былтыр филиал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 7329 келісімшарт жасап, суару кезеңінде шаруаларға 925 млн текше метрден астам су берді.

5. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы былтыр 162 мың гектардан астам жерге су берді. 2024 жылы филиалдың барлық 10 өндірістік бөлімшесі 3836 шаруа қожалығымен су жеткізу бойынша келісімшарт жасап, 533 млн текше метр сумен қамтамасыз етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#суармалы #алқап #топ-5
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика