AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / ҚазҰУ-да биотехнологияның болашағы мен даму перспе...

ҚазҰУ-да биотехнологияның болашағы мен даму перспективалары талқыланды

Алматы Бүгін 15:17 8
ҚазҰУ-да биотехнологияның болашағы мен даму перспективалары талқыланды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасында 2036 жылға дейін биотехнологияларды дамытудың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алқалы жиында министрлік өкілдері, жетекші ғалымдар, сарапшылар мен өндіріс көшбасшылары саланы өркендету және бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Шараны ашқан ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова биотехнологияның отандық экономикадағы стратегиялық рөліне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бұл бағыт – елдің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін және жаңа жұмыс орындарын ашатын басты қозғаушы күштердің бірі.

«Жоғары білім беру жүйесінің басты міндеті – білім беру бағдарламаларының санында емес, түлектердің заманауи биотехнологиялық шешімдерді өндіріске енгізе алуында. Ғылыми зерттеу нәтижелерін нақты өнімге айналдырып, оны өнеркәсіптік деңгейге жеткізе білуіміз қажет», – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуді жеделдететін жаңа ұлттық стандарттың маңыздылығын атап өтті.

Жиын барысында ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың құттықтау хатын оқу орнының Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алина Галеева оқып берді. Университет басшысы өз құттықтауында ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық әлеуетіне кеңінен тоқталды.

ҚазҰУ-да 2020 жылдан бері 76 биотехнологиялық жоба жүзеге асырылса, оның 15-і – жас ғалымдардың бастамасы. Ал 2023-2026 жылдар аралығында университеттің ғылыми инфрақұрылымы кеңейіп, 11 жаңа орталық пен зертхана, соның ішінде заманауи Ми институты және Farabi AI in Healthcare & Life Sciences зертханасы ашылды.

«Қыркүйек айында Биоэнергетикалық технологиялар орталығы мен Популяциялық денсаулық және деректерді талдау орталығы жұмысын бастады. Биология және биотехнология факультетінде барлығы 37 зертхана мен ғылыми орталық бар. Бүгінгі іс-шара аясында тағы екі зертхананың ашылуы жоспарланып отыр», – делінген хатта.

Пленарлық отырыста елдің жетекші ғалымдары мен сарапшылары баяндама жасады. Олардың қатарында Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Локшин, Ұлттық биотехнология орталығының бас директорының міндетін атқарушы, профессор Юрий Скиба, ҚазҰУ Биотехнология кафедрасының профессор-зерттеушісі Ирина Савицкая, ҚазҰУ Халықаралық ислам ғылымы және инновациялар орталығының директоры, PhD, профессор Нұралы Әкімбеков және басқа да ғалымдар бар.

Форум аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Орталық Азия биотехнологиялар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және технологиялар трансферін дамытуға жол ашады.

Шара аясында биотехнологиялық компаниялардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда заманауи ғылыми әзірлемелер мен технологиялық шешімдер көпшілік назарына ұсынылды.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дөңгелек үстел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Бүгін 15:16

Олжас Бектенов еліміздің электр энергетикасы саласын дамыту бойынша кеңес өткізді: «Самұрық-Қазына» қорының жобалары қаралды

Бүгін 14:01

Алматы әкімі Hyundai Motor Group өкілдерімен ақылды қала технологиясын енгізу мәселесін талқылады

Бүгін 12:49

Алматылық сарапшы Оралбек Карим: ең төменгі жалақыны арттыру отандық өндірісті дамытумен қатар жүруі тиіс

Бүгін 12:20

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай: «Халықтық құрылыс» жобасы адами капиталды дамытуға үлес қосады

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);