AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Алматы Бүгін 15:29 12
Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды
Алматы әкімдігі

«Damu Bala» бағдарламасы аясында да шығармашылық пен спортпен айналысу мүмкіндігі кеңейтіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жетісу ауданында мектеп салып, оны жаңғыртудан бөлек, ауданда Инновациялық шығармашылық орталығын құрып, кітапхана желісін кеңейтіп, сондай-ақ балаларға арналған спорт пен шығармашылық үйірмесінің қолжетімділігін қамтамасыз етпек ойда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Құрасбек Сәдібеков осылай деді.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Боралдай көшесінде 1 200 орынға арналған №225 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар №112 мектеп үшін 320 орындық қосымша корпус салынды. Қазір №43 мектепте жаңғырту жұмысы қола алынды. Мұнда тағы 280 орындық корпус бой көтермек. Жұмысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

«Инфрақұрылымды дамытумен қатар, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасамақпыз. Оқушыларды мектептегі орынмен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларға қосымша білім алып, шығармашылықпен, спортпен айналысуға мүмкіндік беруіміз керек», – деді Құрасбек Сәдібеков.

Осы бағытта Көкжиек шағын ауданында Инновациялық шығармашылық орталығын салу үшін ауданы 1,26 гектар жер учаскесі белгіленді. Бастапқыда нысанды Айнабұлақ-2 шағын ауданында орналастырмақ болған. Алайда жер учаскесі су қорғау аймағында орналасқандықтан жоба басқа жерге көшірілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуге қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

«Damu Bala» бағдарламасы аясында да шығармашылық пен спортпен айналысу мүмкіндігі кеңейтіледі. Ауданда қазір 78 ұйымның базасында ұйымдастырылған үйірме мен секцияларға шамамен 5 мың бала қатысады.

Кітапхана инфрақұрылымын да қоса дамытып жатыр. «Оқитын ұлт» жобасы аясында Көкжиек шағын ауданында жаңа кітапхана ашылды. Тағы бір оқу кеңістігі «Әдем» сауда үйінде жұмысын бастады. Ол жақын маңдағы тұрғындар мен осы аумақта еңбек ететіндерге қолжетімді.

«Біз білім беру мен мәдени кеңістік ауданның әр бөлігінде қолжетімді болғанын қалаймыз. Мұндай жоба балалар мен ересектердің білім алуына, демалып, бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді», – дейді.

Бұқаралық спортты дамыту мен ұлттық спорт түрін дәріптеуге де ерекше назар аударыла бастады. Алматының Спорт басқармасымен бірлесіп, қала күніне орай Жетісу ауданында «Ұлы дала ойындары» ұйымдастырылды. Іс-шараға 5 мыңнан астам тұрғын мен қала қонағы қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Бүгін 15:32

Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі 8,5%-ға өсті

Бүгін 15:31

Берлинде Alatau City-ді дамыту бойынша 11 келісімге қол қойылды

Бүгін 15:30

Алматының Жетісу ауданында 40 көше жөнделеді

Бүгін 15:26

«QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);