AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Жетісу ауданында 40 көше жөнделеді

Алматының Жетісу ауданында 40 көше жөнделеді

Алматы Бүгін 15:26 9
Алматының Жетісу ауданында 40 көше жөнделеді
Алматы әкімдігі

Жетісу ауданында екі үлкен жобаның аясында жоспарланған 125 шақырым желінің 116 шақырымына жуығы тартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қалған жұмысты келер жылы аяқтамақ ойда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Құрасбек Сәдібеков инженерлік инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу мен көшені жарықтандыру жүйесін жаңартуға бағытталған осы жұмыс туралы баяндады.

Аталған екі жобадан бөлек, ауданда басқа да коммуналдық желілерді салып, жаңғыртып жатыр.

«Алматы Су» ШЖҚ МКК желісі бойынша 9 жоба жүзеге асады. Оның 6-уы сумен жабдықтауға, 3-еуі су бұру жүйесіне қатысты. Қазірдің өзінде 4 жоба аяқталып, қалған бесеуінде жұмыс жалғасып жатыр», – дейді аудан әкімі.

Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша су бұру, жылумен және электрмен жабдықтау бағытында тағы 3 жоба іске аса бастады. Сонымен қатар «Алматы жылу желілері» ЖШС жылу желілеріне қатысты екі жобаны жүзеге асырып жатыр. Осы бес жобаның біреуі аяқталса, төртеуі әлі біте қойған жоқ.

Ауданда 30-дан астам көше аумағы мен жаяу жүргіншілер аймағының, саябақ пен алаңқайлардың 15 учаскесінде сыртқы жарық жүйесі жаңартылды. 1,9 мыңнан астам жарық нүктесі ауысып, 22 шақырым кабель желісі қалпына келтірілді. Сондай-ақ 311 тірек орнатылып, 154 басқару шкафы жөнделді.

Биылғы орташа жөндеу жұмысының жоспарына жалпы ұзындығы шамамен 39,5 шақырымды құрайтын 40 көше енгізілген.

Жұмыс екі кезеңге бөлінген. Әр кезең 20 көшені қамтып отыр. Бірінші кезеңнің ұзындығы шамамен 23,8 шақырымды, екінші кезеңнің ұзындығы 15,7 шақырымды құрайды. Екінші кезең аясында 14 көшеде жөндеу жұмысы басталып, олардың бірнешеуіндегі жұмыс әлден бітіп қойды.

Алты көшеде әзірге жөндеу жұмысы басталған жоқ. Олар: Қоңыртөбе, Ұлттық, Серпін, 2-ші Гончарная көшелері, Қазыбаев көшесі мен Крылов көшесінен Ниязбеков көшесіне дейінгі жол.

«Бұдан бөлек, аудан әкімдігі ағымдағы жөндеу аясында 22 мың шаршы метр жол жабынын қалпына келтіріп, 7 көшеде ұзындығы 1,5 шақырымнан асатын тротуарларды салу және жөндеу жұмыстары аяқталды», – деді әкім.

Ауданда Хожамияров пен Палладин көшесіндегі көшкін қаупі бар екі жерді нығайту жұмысы да аяқталды. Кемел шағын ауданында жұмыс жалғасып жатыр. Оларды қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Бөкейханов көшесінде Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының тапсырысы бойынша жаңбыр мен еріген қар суын бұру жұмысы аяқталды. Бұл аумақты су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Бүгін 15:29

«QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін 15:23

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін 15:20

ҚазҰУ-да биотехнологияның болашағы мен даму перспективалары талқыланды

Бүгін 15:17

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Бүгін 15:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);