AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Төленбеген несиеге «процент» қосылмайды

Төленбеген несиеге «процент» қосылмайды

Әлеумет 20.12.2023, 05:12 897
Төленбеген несиеге «процент» қосылмайды
Сурет: интернеттен

Заңға өзгерістер енгізіледі.


Несие беру кезіндегі тәуекелдерді азайту үшін депутаттар кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс пен толықтыру енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл жайлы депутат Татьяна Савельева айтып берді.


Заң жобасы мынадай өзгерістерді көздейді:


кредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда азаматтарға жаңа тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салу;


90 күн өткеннен кейін барлық кредиттер бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу;


банктердің және МҚҰ-ның коллекторлық агенттіктерге азаматтардың кредиттерін сатуын шектеу;


коллекторлық агенттіктердің сатып алынған берешекті реттеуді жүргізу міндетін енгізу;


НҚА сәйкес, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тұтынушылық банктік қарыздың мерзімі, сомасы және өзге де шарттары бойынша шектеулер белгілеу;


кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз тұрғын үйден шығаруға тыйым салу.


банктерге өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне (қарыз алушыға)жалға беруге мүмкіндік беру;


төлем талабын қойған кезде банктік шотта кемінде 2 ПМ мөлшерінде ақшаны сақтау;


кредит алудан ерікті түрде бас тартылған жағдайда азаматтардың кредиттері бойынша борышты есептен шығару.


әскери қызмет кезеңіне мерзімді сарбаздар үшін сыйақысыз кредиттер бойынша міндетті кейінге қалдыруды енгізу.


Бұдан басқа, заң жобасында өзгерістер енгізуді көздейтін нормалар бар:


Қылмыстық кодексі және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты белгілеу көзделген.



Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша үкіметтің қорытындысы 2023 жылғы 12 қарашада алынған. Бастамалардың көпшілігі қолдау тапқан, бірақ сонымен бірге кейбір тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша, атап айтқанда коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша үкімет депутаттар келіспейтін және жұмыс топтарында осы норманы енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыратын балама ұстаным ұсынып отыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #несие #процент #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);