AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Токиодағы Паралимпиада ойындары басталды

Токиодағы Паралимпиада ойындары басталды

Спорт 24.08.2021, 08:54 1,547
Токиодағы Паралимпиада ойындары басталды
Сурет: Prosports.kz

Ел тарихында Паралимпиадаға ең көп спортшы қатысады


Бүгін Токиода XVI Паралимпиада ойындары басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24 тамыз-5 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиадаға еліміздің атынан 7 спорт түрінен 25 пара спортшы қатысады. 


Жапонияның ұлттық стадионында өтетін салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің Туын таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Еуропа чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстайды.


Аталған жолдамалардың жетеуі – суда жүзуден, алтауы – дзюдодан, бесеуі – пауэрлифтингтен, үшеуі – таеквондодан, екеуі – жеңіл атлетикадан. Сонымен қатар отандық спортшылар алғаш рет каноэде ескек есу мен оқ атудан жолдама иеленді.


Биыл Қазақстан тәуелсіз ел ретінде алтыншы рет Паралимпиадаға қатысады. Осыған дейінгі көрсеткіштер төмендегідей:


Қазақстан атынан 1996 жылы Атлантадағы Паралимпиадаға – 12, 2000 жылы Сиднейге – 2, Афинаға – 8, Бейжіңге – 3, Лондонға – 7, Рио-де-Жанейроға – 10 спортшы барған. Қазақстандық атлеттер Риодағы Паралимпиада алғаш рет жүлде алды. Бразилия төрінде Зульфия Габидулина чемпион атанса, Раушан Қойшыбаева күміс жүлдеге ие болды.


Паралимпиада бәсекелерін Токиода XXXII жазғы Олимпиада жарыстары өткен дәл сол спорт нысандары қабылдайды. Жалпы Токиодағы Паралимпиадада 136 мемлекеттен 4400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түседі.


Биылғы төрт жылдықтың басты додасына бадминтон мен таеквондо спорты жаңадан қосылды. Еліміздің атынан 3 таеквондошы жүлде үшін таласса, бадминтоннан спортшы апармаймыз. Бұл екі спорт түрі кейінгі жылдары кенжелеп қалған желкенді кеме жарысы мен шағын футболды ауыстырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);