Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Тойбастар: дәстүрден даңғазаға дейін

Тойбастар: дәстүрден даңғазаға дейін

Мұны білген жөн Бүгін 11:04 36
Тойбастар: дәстүрден даңғазаға дейін
интернеттен

«Тойбастар — қазақ халқының қыз ұзату, үйлену, шілдехана сияқты қуанышты тойларында айтылатын дәстүрлі өлең-жыр және сыйлық түрі. Мақсаты – той иелерін мадақтап, жастарға бата беру, ал қонақтарға тойдан естелік ретінде кішігірім сыйлық (кәде) тарату. Бұл дәстүр тойдың көңілді өтуін және тойдың жалғаса беретінін білдіреді.»

Ежелгі қазақ білетін тойбастарға міне осындай анықтама берілген. Қазір ше? Қазір мұның өлең-жыр деген жерін сызып тастап, сыйлық тарату жағын ғана қалдырдық, бұрынғы тойды көрмеген, білмейтін жастардың санасына тойбастар – той аяқталар тұста даяшылар топтасып шығып, алып келетін сыйлық ретінде ғана сіңері анық. Себебі, қазір тойбастар деп әр үстелден ән айтып, еңбек сіңіріп барып ортаға келген табақты ашып үлестіретін тойбастар жоқ.    Қазақтың тойбастары бұрын қарапайым алғыс белгісі болса, бүгінде ол кей жағдайда әлеуметтік статус көрсетудің құралына айналды. Қымбат сыйлықтар, бренд пакеттер, тіпті техника салынған тойбастарлар – қазіргі тойдың бір бөлігі.

Заманның өзгеруімен бірге тойбастар да түрленіп, жаңарып, алуан түрлі сипат алғаны рас. Тойбастар тойға келген қонаққа осындай қуаныш жұғысты болсын деген ниетпен таратылады. Еліміздің көп өңірінде келесі тойдың бастауы ретінде тойбастар той соңында үлестіріледі.

«Жиғаның тойға шашылсын» дейтін жомарт қазақ той кәделерін де айрықша ықыласпен қарап сыйлық таңдайды. Өз тойының, таратқан сыйлығының басқаның тойынан кем болмауын ойлайтыны тағы бар. Бүгінде заманның өзгеруімен той қонақтарына үлестірілетін сый-сыяпаттардың да түр-түсі өзгерді, қымбаттай түсті. Қоржын-қалтаны базардан сатып алынған 50-100 теңгенің ұсақ-түйек заттарына толтыратын заман жоқ қазір. Талғам да, баға да өсті. Бәсеке, жарыс, дарақылық деген де бар. Қазір әр той иесі қызық-қуанышын бөлісуге келген меймандарына бақытты күннен естен кетпес естелік сыйлап, шығарып салуға тырысады. Кей жақсылықта қазіргі заманың хиті саналатын iPhone телефондары мен Dyson стайлерлері сыйға берілгенін көз көріп жүр. Қымбат шабадандар мен шетелге жолдама да қазақ тойларында жиі кездесіп тұратын сыйлыққа айналды.

Дәстүрдің бастапқы мәні

Ахмет Байтұрсыновтың деректері бойынша, тойбастар кешкісін ойын-сауықпен басталып, жастардың қоштасу жыры ретінде де айтылған. Этнографтардың айтуынша, тойбастар – қазақ қоғамында қонаққа алғыс білдіру, қуанышпен бөлісу, “тойға келгенің үшін рақмет” деудің символы саналды. Бұрынғы кезде бауырсақ, кәмпит, орамал, шағын естелік заттар берілген, яғни негізгі принцип – қарапайымдылық пен ниет.

Қазіргі кейс: «люкс тойбастар» феномені

Қазір кімнің үйінде не болып жатқанын үйіңде отырып көріп отыратын мүмкіндік бар, сол жақсы-жаман бар жаңалықтың жаршысы болған әлеуметтік желіде де тойдың түр-түрін байқайсың. Осы әлеуметтік желілерде қымбат тойбастарлар трендке айналды. Мәселен, Instagram беттерінде қазақстандық блогерлер бөліскен тойларда брендтік косметика, қымбат парфюм, зергерлік бұйымдар тойбастар ретінде таратылғанын көреміз. Кейбір видеоларда тойбастар сыйлығы үшін бір адамға 20–50 мың теңгеге дейін ақша жұмсалғаны айтылады. Әлеуметтік желілерде тараған тағы бір тренд: «ең ерекше тойбастар», «ең қымбат сыйлық», «ең әдемі көйлек» деп кете береді, осыдан келіп тойбастар жай ғана алғыс айту емес, «таңғалдыру құралына», бәсекенің бәсіне айналғандай әсер қалдырады.

Той шығыны қаншалықты ауыр?

Қазақстанда тойға нақты статистика жүргізілмейді. Бірақ жалпы халықтың шығыны арқылы тенденцияны байқауға болады. Мысалы, Алматы қаласындағы мейрамханаларда той жасау үшін адам басына ең азы 25-30 мың теңге төлеу керек, ал қазақтың ең аз қонақ шақырған тойына 100-150 адам келетіні анық, осыдан-ақ той шығынын шамалай беріңіз, бұл тек қана қонақтарды мейрамханаға кіргізу құны. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы жан басына шаққандағы орташа шығыс 338 450 теңгені құраған, ал 2023 жылы орташа шығыс 261 мың теңгеден асқан. Бұл сомаға тұтыну, қызметтер, түрлі әлеуметтік шығындар кіретінін ескерсек, бюджетті болжай беруге болады. Сенбі, жексенбісі бос өтпейтін қазақтың той, құдалық  сияқты мерекелік шығындары да осы бюджеттің маңызды бөлігін алатыны белгілі.

Наурыз айында келін түсіріп той жасаған Сағыныш ханым тойдың жалпы шығынын әлі есептемегенін, бірақ тойбастарға картон пакетке салынған сүлгі бергенін, ойынға қатысқан белсенді қонақтарға 18 шабадан мен 15 тұрмыстық техника және ыдыс-аяқ пен ойыншық таратқанын айтты. Ол кісі бұрынғыдай үстелдің ортасына табақпен әкелетін тойбастарды ұнатпайтынын, қонақтарды таластырып қойғанша әркімге жеке және бәріне бірдей сыйлық беруді құп көретінін жеткізді.

Дәстүр ме, демонстрация ма?

Сонымен алғыс айту дәстүріне баланған тойбастар әлеуметтік статус көрсетудің элементіне айналып, формасы сақталып, мазмұны өзгерген салтқа айналды. Психологтар «Қазіргі той мәдениеті – әлеуметтік қысымның көрінісі, көпшілік «елден қалмау» үшін орынсыз шығынға ұшырайды» деген пікірде. Психологияда бұл құбылыс «әлеуметтік салыстыру», «көрсетіп тұтыну» (демонстративное потребление) деген ұғымдарға саяды екен.

Дін тұрғысынан да ысырап мәселесі маңызды, дін өкілдері де «Шамадан тыс шығын – құпталмайды. Ниет жоғалса, дәстүрдің мәні де жоғалады» деген пікірде.

Енді бұған не себеп болды деп, «кінәліні» іздейтін болсақ, той мәдениетінің «витринасына» айналған әлеуметтік желінің әсері көп болғанын жасыра алмаймыз. Instagram мен TikTok-тағы аста-төк тойды көрген жұрттың санасында «идеал той» бейнесі қалыптасады да, бұрынғы өзіміз үйренген тойлар қарапайым, қораш болып көрінеді. Осының кесірінен тойға жұмсалатын шығын өседі, басқадан кем болмасынмен бәсеке күшейеді.

Тойбастар – қазақ мәдениетінің маңызды бөлігі екені даусыз, бірақ оның мәні өзгеріп бара жатқаны да анық. Біз дәстүрді сақтап жүрміз бе, әлде тек оның сыртқы формасы ғана ма? Егер тойбастар ықылас емес, әсер қалдыру құралына айналса, онда бұл – дәстүрдің трансформациясы ғана емес, мәнінің жоғалуы болуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Той-томалақ #тойлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14

Павлодар облысында той үшін қарызға батқан әйел сотқа жүгінді

Бүгін 12:00

Көркем гимнастика: Ташкентте бақ сынайтын қазақстандық спортшылар анықталды

Бүгін 11:41

Түзеу мекемесіндегі жасөспірімдердің де денсаулығы бақылауда

Бүгін 11:34

Наурыздағы ҰБТ: 179 мыңға жуық талапкер тест тапсырды, ең жоғары нәтиже – 140 балл

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика