конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Наурыздағы ҰБТ: 179 мыңға жуық талапкер тест тапсы...

Наурыздағы ҰБТ: 179 мыңға жуық талапкер тест тапсырды, ең жоғары нәтиже – 140 балл

Білім және ғылым 09.04.2026, 11:25 280 Сұлу
Наурыздағы ҰБТ: 179 мыңға жуық талапкер тест тапсырды, ең жоғары нәтиже – 140 балл
gov.kz

Наурызда өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 179 мыңға жуық адам қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Талапкерлердің 75 пайызы тестті қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, ал 157 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тест тапсырғандардың 70 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа көрсеткіш 66 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл. Бұл көрсеткішке Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия түлегі Жазира Кеңесова қол жеткізді. Ол төрт пәннен 90 балл жинап, ҚАЗТЕСТ сертификаты арқылы «Қазақ тілі» пәні бойынша балын конвертациялаған. Нәтижесінде жалпы көрсеткіші 140 балл болған.

Талапкерлер тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде тапсырмалардың мазмұны бойынша апелляция бере алған. Ал техникалық себептерге қатысты өтініштер тест барысында қабылданған. Бұл жолы 31 мыңнан астам өтініш түсіп, соның ішінде 17 тапсырма бойынша апелляция қанағаттандырылған. Қазір республикалық комиссия жұмысын аяқтап, сертификаттар талапкерлердің жеке кабинеттеріне жүктелген.

Таңдау пәндері арасында ең көп сұранысқа ие комбинация – «Математика-Физика». Оны талапкерлердің 18,7 пайызы таңдаған. Екінші орында 16,5 пайызбен «Биология-Химия» пәндері тұр. Ал үздік үштікті 10,3 пайыз көрсеткішпен «Шығармашылық емтихан» комбинациясы түйіндеді.

ҰБТ барысында ереже бұзудың 264 дерегі тіркелген. Оның ішінде 130 талапкер смартфон, шпаргалка және өзге де тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестке жіберілмеген. Тағы 134 адам тест кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #ҰБТ нәтижесі #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Бүгін 18:57

Қазақстандық Нодира Ахмедова күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Еліміз ұлттық мұраның 10 элементін ИСЕСКО тізіміне енгізуге құжат әзірлеп жатыр

Бүгін 18:50

Батысқазақстандық параспортшы боччадан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 18:45

Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде 440-тан астам жоба әзірледі

Бүгін 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);