Алматы облысында жауын-шашын болады
16 наурызда Астана мен еліміздің тоғыз облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.
Астанада көктайғақ болады деп болжанады. Түнде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.
Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстікте, шығыста көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында тұман болады. Түнде облыстың шығысында солтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің таулы аудандарында, шығысында, тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың таулы аймақтарын, оңтүстігін тұман басады. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта түнде тұман түседі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында солтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақтауда күндіз оңтүстік шығыстан соқан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Таңертең және түстен кейін Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, батысында оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз ауа температурасы -4 + 1 градус жылы.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Қарағандыда жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар жауса, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысындал солтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.