AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / ТМД мүшелерінің туристік әлеуетін нығайту бойынша...

ТМД мүшелерінің туристік әлеуетін нығайту бойынша жаңа тетіктер енгізілуі мүмкін

Әлем Бүгін 14:04 35
ТМД мүшелерінің туристік әлеуетін нығайту бойынша жаңа тетіктер енгізілуі мүмкін
Kazinform

Бұл мәселе Ыстықкөлде өткен ТМД Мемлекеттік ақпарат агенттіктері басшылары кеңесінің XXXV отырысында кеңінен талқыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жиында Kazinform агенттігінің басқарушы директоры Нағашыбек Алдан ақпарат агенттіктері арасында туристік контент алмасуды жүйелі түрде жолға қоюды ұсынды. Соның ішінде осы бағытқа жауапты үйлестірушілерді белгілеу қажеттігін атап өтті.

— Әрқайсымыздың ақпараттық ресурстарымыздың мүмкіндігі зор және өз елдеріміздегі жетекші медиаресурстардың бірі болып саналады. Биыл Қазақстан бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Атап айтқанда, тілшілеріміз туристік өңірлерге барып, қызметтердің құны, инфрақұрылым және демалыс жағдайлары т. б. тақырыптарда жан-жақты материалдар әзірледі. Біз бұл контентті әріптестерімізбен бөлісуге дайынбыз. Туризм тақырыбына жауапты жеке үйлестірушіні белгілеу мұндай жұмыстарды жүйелі әрі тиімді етуге мүмкіндік береді, — деді Нағашыбек Алдан.

Kazinform агенттігінің басқарушы директоры Нағашыбек Алдан

Ал ТАСС бас директоры Андрей Кондрашов ұлттық ақпарат агенттіктерінің аталған бағыттағы өзара іс-қимылын жандандыру идеясын қолдады. Оның айтуынша, ТМД елдерінің туристік әлеуеті зор болғанымен, кей мәселелер бойынша көршілес мемлекеттердің тұрғындарына әлі де жеткілікті деңгейде ақпарат беріліп жатқан жоқ.

— Бүгінде біз бір-біріміз үшін бұған дейін өзіміз де білмеген орасан зор туристік мүмкіндіктерді ашып жатырмыз. Әрқайсымыздың еліміздегі туристік орындарға көршілес халықтардың қызығушылығы артып келеді. Ондай жерлердің қатарына тарихи нысандар да, заманауи туристік кластерлер де кіреді. Бұл саладағы жұмысты одан әрі күшейтіп, елдеріміздегі туристік орындар жайында барынша кең ауқымда ақпарат беруіміз керек, — деді Андрей Кондрашов.

ТАСС бас директоры Андрей Кондрашов

Қырғыз ұлттық «Кабар» ақпарат агенттігінің директоры Медербек Шерметалиев те бұл тақырыптағы ұстанымын мәлімдеді. Оның сөзінше, Қырғызстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр. Шерметалиев ТМД елдерінің ақпарат агенттіктерін алдағы халықаралық іс-шараны көрсетуде ақпараттық қолдау білдіруге шақырды.

— Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — халықаралық маңызы бар ауқымды шара. Біз үшін оның Қырғызстаннан тыс жерлерде кеңінен насихатталуы өте өзекті мәселе. ТМД елдерінің ақпарат агенттіктері аталған дода туралы жаңалықтарды, репортаждарды және басқа да материалдарды тұрақты түрде жариялап отырса, біз бұған өте риза болар едік, — деді Медербек Шерметалиев.

Қырғыз ұлттық «Кабар» ақпарат агенттігінің директоры Медербек Шерметалиев

Жиынға қатысушылар туристік контентті жүйелі түрде алмасып отырудың тиімділігіне тоқталды. Ондай әріптестік ТМД елдерінің тұрғындарын жаңа туристік бағыттар мен нысандар туралы кеңінен хабардар етуге мүмкіндік береді. Соның арқасында туристік ағын да артады.

ТМД елдерінің ақпарат агенттіктері туризмді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты күшейтеді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТМД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Несиені 14 күн ішінде айыппұлсыз қайтару мүмкіндігі пайда болды

Бүгін 14:29

Астанада жаңа қос дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылды

Бүгін 14:03

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Гонконг Қытай Бас сауда палатасының басшысымен кездесті

Бүгін 13:19

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

Бүгін 12:52

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Өтеген батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);