конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Тілімнің шұрайын кімнен сұрайын?

Тілімнің шұрайын кімнен сұрайын?

Мұны білген жөн 20.03.2026, 15:41 11 Сұлу
Тілімнің шұрайын кімнен сұрайын?
Автордан

Ұлт мәдениетінің асыл мәйегі – құнарлы тіркес, құйқалы тіл, әсерлі әңгіме, әуезді ән. Кейінгі кездері ғаламдасуға мінгесе жеткен, бірте-бірте зорайың қырап, қатқыл қадамы тіптен алдырмауға айналған капитализм кеңістігі алып дүмпуге айналып отыр. Бастан-аяқ өзгерген өмір тәртібі мен тұрмыс тәсілі біздің салт-санамызды жұтаңдатып, тілдің бар құнарын шайып жат қандай. Өзге тілде ой ширатқанға үйірсек, қазақы танымға келгенде үрге нектене қалатын замандас құрбы-құрдастың тіл мәдениетіне талап қойып қарасаңыз, ашып айтуға, ашық талдауға тиіс көп кілтипан барын ұғынасыз.

Кейбірін тізбелеп көрелік. Ютуб алаңында Моңғолия қазақта рының тыныс-тіршілігін баяндаған бір азамат қасындағы баладан «Жылқыға қанша жасыңнан бастап отырдың?» деп сұрайды. Алғаш естігенде абдырап қалдық. О бастан ұлттық танымға жетік Бай-Өлке қазақтары да Қазақстаннан жеткен «жортарман журналистің» сөзін жөпелдемеде ұға қоймайды. Дағдарып қалады. Ойға қонымды нұсқасы «Неше жасыңнан бастап атқа мініп жүрсің?» еді ғой. Амал нешік, қазіргінің қазағы атқа мінбейді, «атқа отырып жүр». Кей-кей де зымырандай қарқын алған сәттер мен секундтарға қарап: «Қос ат мініп шапсаң да жеткізбейтін қайран уақыт ай!» деп кейіс білдірер едік («Қос атқа отырып шапсаң да...» деуге ауыз бар майды екен). Ел іші – өнер кеніші. Ел ішінде ат бап таған сайыпкер, ит жүгіртіп, құс ұшыр ған саяткер жетерлік. Бірақ сол саятшы лық санатында да сөзіміз сұйылып бара жатқандай көрінеді.

Саятқа тән сөз, сөз ғана емес, орай лы мақтан, озық нәтиже баяны – алу мен шалу. Қазақы танымға жетік саятқұмар серінің, асқан өнерпаз жігіттің сөзіне құлақ түре қалсаңыз: «Былтыр мынау шашақ құлақ құмай тазым бес қарсақ шалды, Ақтұйғы ным алты қоян алды» деп айтқан әсерлі әңгімесін естіген болар едіңіз. Әрине, қарсақ пен қоян санын сана безбеніне сала отырып жазып шыққан біз. Мазмұны ұғымды бол сын деп айтып отырған түріміз. Ма ғынасы қораш болса да мәні ұғы нықты: тазы – шалады, бүркіт – алады. Дәл осы алу мен шалуды да қызды қыздымен «ұстады» деген етістікке айырбастап жібермесек болды. Саф қазақ «Заманың түлкі болса, тазы бо лып ұста» демес еді, «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» дер еді. «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамай ды» деп істің аңдысына ой қыдыртпас еді, «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деп нақ түйіп айтар еді. Өткенде Журналистика факуль тетінің студенттерімен бірге «Балалар дың көпшілігі қашқанмен, біреуі ит тердің шабуылына ұшыраған» деген түйеден түскендей қара-дүрсін сөйлемді талдадық.

Телехабар не ақпарат порталының мәтіні болуға тиіс. Әдетте қасқыр не ит шабуылдамайды, шаба ды. Мәселен, «Қойға қасқыр шауып, қарнын не ішін жарып, іреп кетіпті». Әлі күнге дейін есімде. Бала кезімізде көршіміздің малына қасқыр шапқан. Бұл ұлымаң тұтас отарға шапса орағы тып, тірі етке ашкөзденіп, қомағайла нып кетеді екен де, бірді-екілі ұсақты жеп қанағат қылмай, шетінен ішін жа рып кете береді екен. Ақырында ұсақ малдың дені харам болып, өлшеусіз шығын шықпақ. Амал-әрекеті түсінікті. Қылыш кейіпті шауып түседі. Ал қора қопсы іргесінде апан қазып, бөлтірігін өрбітсе, үй малына тиіспейді, жемтігін алыстан тартып әкеледі, бақташыға бақ-дәулет бітеді, ырысы тасиды. Бұл хақында өткенде бір қариядан естіп біліп, таңқалыстық. Ие. Ит-құс қораңда тұрған малы ңызды алып кетсе – тартып кетеді, мой нынан алса – тамақтап кетіпті деп айта мыз. Ал енді «ит тістеді», «ит шабуыл дады», «түлкі ұстады» деп «ау зымен құс тістеп» жүрген жарандарды қайтеміз?! Олар да өз қазағың ғой...

Дастан ҚАСТАЙ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тіл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің инфрақұрылымдық арқауының тағы бір мызғымас тірегі – көлік-логистика саласы

Бүгін 16:27

Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады

Бүгін 16:24

Мұны кезекті әкімшілік реформа деп түсінуге болмайды

Бүгін 16:22

Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуір

Бүгін 16:20

Алматының визит-орталықтары жаңа форматта жұмыс істемек

Бүгін 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);