AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары алматылық зейн...

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары алматылық зейнеткерлерді әртүрлі салаға бейімдеп жатыр

Алматы Бүгін 10:12 65
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары алматылық зейнеткерлерді әртүрлі салаға бейімдеп жатыр

Қазір қаладағы осындай белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына 10 800-ден астам адам келіп жүр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары алматылық зейнеткерлерді әртүрлі салаға бейімдеп жатыр

Алматыда белсенді ұзақ өмір сүру жүйесі жақсы дамып келе жатыр. Ол аға буын өкілдеріне күш-қайратын сақтап, қоғамда барынша белсендірек болып, жаңа нәрсені меңгеріп, пікірлес жандармен танысып, зейнетке шыққаннан кейін де білім алуына мүмкіндік беріп отыр.

1 қазан – халықаралық қарттар күні. Бұл аға буынға қамқорлық жасаудың ғана емес, адамның жасына қарамастан толыққанды әрі белсенді өмір сүруіне жағдай жасаудың маңызын еске салады.

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары дәл осы міндетті атқарады. Мұнда зейнеткерлерге бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, қарым-қатынас жасап, білім алып, шығармашылықпен айналысып, спортпен шұғылданып, пікірлес құрбы-құрдас тауып, қабілетін ұштап жатыр.

«Бұл орталықтың жұмыс істеп келе жатқанына төрт жыл болды. Мен әлі күнге дейін қалмай келіп тұрамын», – дейді 78 жастағы Гүлбаршын Хасенова. Ол орталыққа баруды күнделікті әдетке айналдырыпты.

72 жастағы Ғалия Қилыбасованың айтуынша, мұнда адамдар танысып, әңгімелесіп, өзара пікір алмасады. Әлеуметтік байланыс белсенді ұзақ өмір сүрудің маңызды құрамдас бөліктерінің біріне айналып отыр.

Бүгінде Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының төрт бөлімшесінде қызметтің 70-тен астам түрін ұсынады. Олардың қатарында дене белсенділігі, шығармашылық бағыттар, тіл үйрену, цифрлық дағдылар, сәндік-қолданбалы өнер мен дәстүрлі тәжірибелер бар.

Орталыққа келушілер цигун мен тай-чи жаттығуымен айналысады, би билеп, домбыра тартуды үйренеді, сурет салып, қолөнерді меңгереді.

Сәндік-қолданбалы өнерге де ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Майса Ықыласованың жетекшілігімен қатысушылар дәстүрлі қолөнер түрлерін, соның ішінде киізбен жұмыс істеуді үйренеді.

«Біз қазақтың қолданбалы өнерін дамытып, оны кейінгі ұрпаққа жеткіземіз. Әйелдер осында келіп, үйреніп, өз қолымен неше түрлі бұйым жасайды. Кейін істеген жұмысына өздері де таңғалып жатады», – дейді жетекшісі.

Сонымен қатар шығармашылық қатысушылар үшін жай ғана хобби емес. Кейбіреулері жаңа деңгейге көтеріліп үлгерген. Бұған дейін кәсіби түрде сурет салмаған әйелдердің еңбектері бүгінде көрмеде ұсынылып жүр. Жақын арада қатысушылардың 90-ға жуық жұмысын Республикалық музейде таныстыру жоспарланып отыр.

Жаңа бағыттың бірі – «Күміс университеттер». Жоба аясында Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қатысушылары еліміздің бес жетекші жоғары оқу орнымен бірлесіп білім алуды жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Бағдарламаларда киберқауіпсіздік, мобильді фото мен видео түсіру, сондай-ақ басқа да замандық әрі сұранысқа ие цифрлық дағдылар қамтылған.

Осылайша, көптеген қатысушылар үшін зейнеткерлік жас білім алу жолының аяқталуы емес, өмірлік тәжірибесі қалыптасқан жаңа кезеңде қайтадан оқуға мүмкіндік беретін уақытқа айналып отыр.

«Біздің қағидатымыз – мүмкіндікті жылдар емес, жылдарды мүмкіндік айқындайды», – дейді Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ директоры Сауле Бекетаева.

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына 10 890 адам келеді. Мекеме төрт бөлімшені біріктіріп, қызметтің 70-тен астам түрін ұсынады.

Волонтерлікке де ерекше көңіл бөлінеді. Аға буын өкілдері қоғамдық және мәдени жобаларға қатысады. Алматылық белсенділер Қазақстанның мәдениетін, дәстүрі мен ұлттық киімдерін әлемнің жеті елінде таныстырған.

Халықаралық ынтымақтастық та дамып келеді. Өткен жылы белсенді ұзақ өмір сүруге арналған халықаралық форумға 17 елдің өкілдері, 33 адам мен белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының 70-ке жуық басшысы қатысты.

Қатысушылардың мүмкіндіктері орталық ғимаратындағы сабақтармен ғана шектелмейді. Құлжа трактісі бойында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аумағы 29 гектар жер учаскесін жалға алып отыр.

Мұнда алматылық зейнеткерлер бау-бақша өсірумен айналысып, көкөніс пен жеміс-жидек өсіре алады, табиғат аясында уақыт өткізіп, бір-бірімен араласады.

Аға буын өкілдері үшін бұл жай ғана демалыс емес. Бірлескен жұмыс қалыпты өмір ырғағын сақтауға, жаңа іске деген қызығушылықты арттыруға және белсенді қауымдастықтың бір бөлігі болып қалуға мүмкіндік береді.

Қарттық кезең көбіне адамның мүмкіндігі біртіндеп шектелетін уақыт ретінде қабылданады. Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының тәжірибесі басқа тәсілді көрсетеді: жас ұлғайған сайын қажеттілік өзгергенімен, қарым-қатынасқа, қимыл-қозғалысқа, білімге, шығармашылық пен өз маңыздылығын сезінуге деген қажеттілік жоғалмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жас дәрігерлермен кездесті

Бүгін 10:49

Алматыда жыл басынан бері құрамында сынап бар 60 мыңға жуық қалдық жиналып, кәдеге жаратылды

Бүгін 10:07

Қазақстан Coursera-ның ЖИ және адами дағдыларды дамыту жөніндегі жаңа индексінде әлемде 55-орынға ие болды

Бүгін 10:05

Олимпиада чемпионы Ли Нин Алматыдағы спорт мектебіне барды

Бүгін 09:33

Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуында сөз сөйледі

Кеше 22:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);