Соғыс ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор әрі академик Зұлқарнай Сейітовтің жасы 104-те, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеуінше, Қазақстанда жасы 100-ден асқан 44 зейнеткер бар.
Корпорация дерегінше, еліміздегі ең қарт әйел зейнеткердің жасы 106-да. Ол Шымкент қаласында отбасымен бірге тұрады.
Ал ер азаматтар арасында ең жасы үлкен зейнеткер – Алматы қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор әрі академик Зұлқарнай Сейітов. Оның жасы 104-те.
Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 2,4 миллионнан астам адам зейнетақы төлемдерін алады. Оның 64%-ы әйелдер болса, 36%-ын ер азаматтар құрайды.