AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Алматы стенді қойылған Токиодағы көрмені 180 мыңға...

Алматы стенді қойылған Токиодағы көрмені 180 мыңға жуық адам тамашалады

Әлем Бүгін 11:18 42
Алматы стенді қойылған Токиодағы көрмені 180 мыңға жуық адам тамашалады

Алматының туристік мүмкіндіктері Токиодағы Tokyo Big Sight алаңында өткен Tourism EXPO Japan 2026 халықаралық көрмесінде таныстырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл көрмеге 74 ел мен Жапонияның 46 өңірінен 1 420 экспонент қатысты. Төрт күн ішінде көрмені 180 мыңға жуық адам тамашалады. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Visit Almaty стенді Орталық Азия аймағында жұмыс істеді. Көрме аясында жапон туристік индустриясының өкілдеріне арналған Almaty Tourism Day in Japan жеке іс-шарасы да өтті.

Қонақтарға Алматының туристік бағыттары, қалалық инфрақұрылымы және сапарды жоспарлау мүмкіндіктері таныстырылды. Қазақстандық туроператорлар Алматы мен еліміздің басқа да өңірлеріне саяхат бағыттарын ұсынып, жапондық туристік компаниялармен бірқатар іскерлік кездесу өткізді.

Алматы өкілдері 150-ден астам іскерлік кездесу өткізді. Келіссөздер Mitsubishi Corporation, H.I.S., Japan National Tourism Organization (JNTO), Visit Seoul, Мадагаскардың Туризм министрлігі, сондай-ақ жапондық телеарналар мен медиакомпаниялардың өкілдерімен өтті.

Кездесулер барысында Алматыны жапон нарығында ілгерілету, туроператорлармен серіктестікті кеңейту, жаңа туристік өнімдер әзірлеу және қала туралы ақпараттық жұмысты күшейту жайы талқыланды.

Алматының жыл бойы саяхаттауға қолайлы бағыт ретіндегі мүмкіндіктеріне де ерекше назар аударылды. Жапондық серіктестерге қаланың тау мен табиғи аумаққа жақын орналасуы, гастрономиялық ерекшеліктері, мәдени нысандары және іскерлік іс-шаралар өткізуге арналған мүмкіндіктері таныстырылды.

Іскерлік бағдарлама қорытындысы бойынша жапондық серіктестермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Құжаттар ақпарат пен тәжірибе алмасуды, кәсіби байланысты дамытуды және туризм саласындағы бірлескен жобаларды пысықтауды көздейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жапония
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті

Бүгін 12:02

Қостанай облысында 380 млрд теңгеге өңірдегі ең ірі жел электр стансасы салынады

Бүгін 12:00

«Алатау» театры XI маусымда ұлттық өнерді жаңа сахналық формалармен ұсынды

Бүгін 11:58

Еліміздің ең жасы үлкен зейнеткері Алматы қаласында тұрады

Бүгін 11:42

Орталық қалалық клиникалық аурухананың (ОҚКА) офтальмологтары көзден тас сынығын алып шығып, емделушінің көзін сақтап қалды

Бүгін 11:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);