Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Тілеухан Әбілдаев: МӘМС түсімдерінің бестен бір бө...

Тілеухан Әбілдаев: МӘМС түсімдерінің бестен бір бөлігі Алматыға тиесілі

Медицина 03.06.2021, 10:19 2,158
Тілеухан Әбілдаев: МӘМС түсімдерінің бестен бір бөлігі Алматыға тиесілі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы бүгін өткізілген Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қор басшысы МӘМС арқасында медициналық көмек сапасын арттырудың катализаторы болатын медициналық қызмет көрсетушілердің бәсекеге қабілетті ашық нарығын құру қажет екенін айтты.


Қор түсімдері туралы айта келе, Тілеухан Әбілдаев МӘМС жүйесі енгізілген сәттен бастап медициналық сақтандыру қорына 655,2 млрд теңге түскенін хабарлады. Сонымен қатар, барлық қаражаттың бестен бір бөлігі әлі де оңтүстік астанаға тиесілі екен.



"2017 жылдың 1 шілдесінен  2021 жылдың 31 мамырына дейінгі кезеңде Алматы қаласынан МӘМС-ке түсетін түсімдердің жалпы сомасы 1,9 млн адам үшін 121,7 млрд теңгеден асты", - деп хабарлады спикер.



Түсімнің негізгі бөлігі немесе 89,7 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің аударымдары, қалған 32 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдардың салымдары. Сондай-ақ, 2019 жылдың басынан бастап 200 мыңнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтыған алматылық 462,6 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлемін төледі.


Тілеухан Әбілдаев атап өткендей, Қор өз науқастарын тыңдап, өзінің байланыс арналары арқылы кері байланыс арқылы олардың құқықтарын қорғайды.


Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Алматы қаласының тұрғындарынан 103 288 өтініш түсті. Оның ішінде 157 алғыс хат, 100 мыңнан астам кеңес бар.


Еске салсақ, медициналық ұйымдар тарапынан құқықтар бұзылған жағдайда науқастар кері байланыс арналары, атап айтқанда Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, 1406 бірыңғай байланыс орталығы мен fms.kz. ресми сайты арқылы Қорға өтініш жібере алады. Барлық өтініштер міндетті түрде қаралады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Минздрав #маски #коронавирус #денсаулық #медицина #МӘМС #ОСМС #здоровье #Алматы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика