Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Тіл мәдениеті – адам болмысының айнасы

Тіл мәдениеті – адам болмысының айнасы

Мәдениет 30.05.2025, 15:07 827
Тіл мәдениеті – адам болмысының айнасы
Сурет: Kazgazeta.kz

«Адам баласының еншісіне бұйырған барлық құралдың ішіндегі ең ғажабы әрі ең кереметі – тіл. Әрбір еңбек құралы оны терең зерттеп, шебер меңгерген адамға ғана үлкен пайда әкеледі» деген екен әлдебір данышпан. Бұл сөзбен келіспеу мүмкін емес. Құрал ретінде алып қарағанның өзінде, тіл арқылы тас жаруға да, бас жаруға да болады. 

Қылыштан өткір, қылдан жіңішке тіл құдіретін «Көрінеді тілден түйсік, білім де, Біле-білсең жарылқаушы – тілің де». «Білімсіздер тіліне берік болсын, Білімдінің тіліне ерік болсын» деп кезінде Жүсіп Баласағұн да тамыршыдай тап басып айтқаны бар. 

Жалпы, айтылған әрбір сөз – адамның ішкі мәдениеті мен жеке тәрбиесінің көрінісі. Былайша айтқанда, тіл – әркімнің ішкі әлемінің айнасы. Қалай сөйлейміз – солай ойлаймыз. Қалай ойлаймыз – солай өмір сүреміз. Өкінішке қарай, көпшілігіміз сөзімізге, айтар ойымызға көңіл бөлмеуге айналдық. Тіл мәдениетіне немқұрайды қарау жиілеп барады. Көшеде, қоғамдық көліктерде, көпшілік орындарда айналадағы жұрттан қымсынбастан бейәдеп сөздерді араластырып сөйлейтіндер көп. 

Бірде Астанаға бара жатқанда ерлі-зайыпты кісілермен бір купеге түсіп қалдық. Жасы 70-ке таянған отағасының инсульт алып, тілден қалғанына 5-6 жыл болыпты. Қозғалысы да шектеулі. Өзі сөйлеп отырмын деп ойлай ма екен, әлгі кісі «тттттт» деп үздіксіз қайталай береді. Сөйтеді де, арасында «шешең...» деп саңқ ете қалады. Кәдімгі сау адамша боқтайды. Ыңғайсызданған әйелі: «Тілі келетін жалғыз сөзі сол. Дәрігерлер «айта берсін» деді», – деп қояды. Арасындағы бір әңгімеде күйеуі осы күйге түскенге дейін өте сөзшең болғанын, бірақ бәйәдеп сөйлемесе сөзінің дәмі кірмейтіндей, екі сөзінің біріне боқтық араластыратын әдеті болғанын айтты. «Жыным келгенде «аузыңды жапшы» деуші едім. Сол сөзім қабыл болғандай, тілден қалды. Бірақ о, тоба, қанша жерден тілі байланса да, боқтық сөзінен арылмады» дейді. Естіп отырған отағасы қолайсызданған түрі ме, басын шайқап, күлген сыңай танытты. Қасымдағы серігім: «Боқтамаңыз. Боқтанған жаман. Шипа беруші – Алла. Одан да «Алла» деңіз» деп, айтқызбақ болып еді, тілі икемге келмеді. Біраз әуреленіп көрді де, болмағасын қайтадан «шешең!..» деп үйреншікті әдетіне басты. Жаман нәрсе жұққыш келеді емес пе?! Демек өмір бойы аузынан түспеген сөз миына да әбден шегеленіп қалғаны ғой. Егер аузынан тек жақсы сөз шығып, сыпайы сөйлеген адам болса, бейәдеп сөз де санасына мұнша сіңбеген болар еді. 

Әдетте ересек, әсіресе өмірден шаршаған, жүйкесі жұқарған адамдардың кейде қалай болса солай сөйлейтініне түсіністікпен қараймыз. «Ортасы, бар көрген-білгені сол шығар» деп ойлаймыз. Бірақ олар түгілі, бүгінде жастар, тіпті мектеп жасындағы балалардың өзі қазақша, орысша бейәдеп сөздермен боқтанып сөйлеуге құмар екені байқалады. Бұл енді үлкендерден жұққан әдет екені анық. Оның сыртында, интернеттегі, әлеуметтік желілердегі ерсі видеолар мен бейнежазбалардың, күнделікті өмірдегі түрлі ақпарат тасқынының да кері әсері болмай жатқан жоқ. Ал мұндай жағдайда сөз мәдениеті туралы айтудың өзі артық. 

Қазір үйінде кітап оқитын, отбасылық оқу дәстүрі бар, ата-анасы да тіл мәдениетін меңгерген және осыны баласына дарытқан отбасылар некен-саяқ. Рас, баланың қайдан не естігенін бақылап отыру, өкінішке қарай, ата-ана қолынан келе де бермейді. Соның салдарынан балалардың бейәдеп тіркестерді, жаргон сөздерді айтуға әуестігі үйреншікті жағдайға айналып барады. 

Жаман сөздерді баланың сырттан естігені былай тұрсын, кей адамдар соны үйде өздері айтады және оны баланың да құлағына құйып жатқанына бас ауыртпайды. Ал бала табиғаты өте сезімтал. Олар тура сорғыш қағаз сияқты. Жақсыны да, жаманды да бойына тез сіңіреді. Өмірді де өз сана-сезімі деңгейіндегі түсінікпен қабылдайды. Егер соңғы жылдары ерекше танымал болған сериалдардағы кейіпкерлердің немесе мультфильмдегі персонаждардың әдеби нормадан алшақ сөздері сияқты біздің де тіліміз бейәдеп тіркестерге толы болса, балалар да тура солай сөйлеуге көшеді. Оған таң қалуға болмайды. 

Осындай қарым-қатынас стиліне үйреніп алған соң, адам әдепсіз сөздерді қолдануды, әрине, ар санамайды, тіпті оның ерсі екенін өзі сезінбеуі де ықтимал. Сондықтан бұл мәселеге салғырт қарауға болмайды. Мінез-құлық сияқты, тіл мәдениеті де – адамның ішкі де, сыртқы да болмысының айнасы екенін естен шығармауымыз керек. Әсіресе, өскелең ұрпаққа үлгі болу – басты міндет.

Тіл мәдениетін қалыптастыруда кітаптың ролі ерекше. Өйткені әдебиеттің бір міндеті – әдеби тілді бойға сіңіру, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Бұл ретте, баламен бірге кітап оқу, оқыған шығарма туралы пікірлесу өте маңызды. Адамды тәрбиелеудің, рухани жетілдірудің басты жолы да – осы.   

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тіл #кітап #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика