AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқыны...

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Билік Бүгін 08:16 43 Сұлу
Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын 1 мамырда атап өтілетін Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтінін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам. Бірлік күні халқымыздың тілектестігі мен ауызбіршілігі, өзара сыйластығы мен құрметі, отаншылдығы мен перзенттік сүйіспеншілігі кеңінен дәріптеледі.

Кезінде тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдері Қазақстан атты киелі Шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – бәрімізге ортақ игілік.

Дана халқымыз "Татулық – таусылмас бақыт" деп бекер айтпаған. Біз – бейбіт заманның қадірін білетін, айналасына жанашырлықпен қарайтын, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын елміз. Бұл – біртұтас ұлтымыздың болмысына тән қасиет. Біз осы бірегей дәстүрді көздің қарашығындай сақтап қалуымыз керек.

Біздің көзқарасымыз әртүрлі болғанымен, тілегіміз – бір. "Бірлігіміз – әралуандықта" формуласы мемлекеттік саясат пен азаматтарымыздың күнделікті өмірінің өзегіне айналды.

Сондықтан біз бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарын жаңа Конституцияның преамбуласында нақты көрсеттік.

Бұл – Қазақстан халқының саналы түрде жасаған таңдауы. Себебі азаматтарымыз баршаға бірдей құқықтар мен мүмкіндіктер беретін елде, әділ, тұрақты және бақуатты қоғамда тұруды қалайды.

"Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы еліміздегі ауқымды жаңғыру үдерісінің арқауы ретінде осы биік мақсатқа жетуімізге кепіл болмақ.

Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір. Бұл –Қазақстан халқының сарқылмас күш-қуаты мен отаншылдық рухының айқын көрінісі. Біз бәріміз бір ел болып жұмылып, өсіп-өркендеу жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге кәміл сенемін.

Қымбатты отандастар, баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!" - делінген хабарламада. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Бірлік күні #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде мамырдан бастап не өзгереді?

Бүгін 09:17

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Кеше 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Кеше 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Кеше 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Кеше 18:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика