1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ұлттар туралы мәлімет жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны - 20 532 240 адам. Ал Қазақстандағы ұлттар саны мынадай:
Қазақтар - 14 664 202
Орыстар - 2 943 022
Өзбектер - 695 557
Украиндар - 367 547
Ұйғырлар - 309 164
Немістер - 222 890
Татарлар - 218 361
Әзербайжандар - 157 568
Кәрістер - 120 821
Түріктер - 93 234
Дүнгендер - 88 165
Беларустар - 73 788
Тәжіктер - 61 307
Күрдтер - 52 077
Қырғыздар - 41 459
Айта кетейік, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында, онда 1,6 млн адам тұрады, орыстардың көпшілігі Алматы қаласында тұрады, яғни 428 мың адам.
Өзбектер Түркістан облысында көп шоғырланған: 404 мың адам. Украиндар Қостанай облысында көп: 83 мың адам. Ұйғырлардың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады: 124 мың адам.