1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі мерекесі атап өтіледі. Аqshamnews.kz тілшісі бұл күні Алматыда баруға болатын іс-шаралар топтамасын ұсынады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 1 мамырда қалада бірден екі ірі концерт ұйымдастырылады.
"Басты оқиға - 1 мамырда сағат 11:00-де Абай алаңында басталатын "Бірлігі жарасқан Алматы" достық фестивалі болмақ", - деді әкімдіктегілер.
Фестивальде өнер көрсететіндер:
Нұрлан Өнербаев, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева;
Luina, Парвиз Назаров, Роман Ким, Руми және Янис;
"Алатау серілері", "КешYOU", "Baraban'Dashow" топтары;
"Дервиши", "IL Canto", "Komuzbeats";
"Бозторғай" фестивалінің солистері;
"Салтанат", "Бахар", "Рухсара", "Нам Сон", "Бастау", "Наири" би ансамбльдері.
Сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай алаңында мерекені DostykFest концерттік бағдарламасы жалғастырады. Онда мына өнерпаздар шығады деп күтілуде:
Айқын Төлепберген, Qanay, Еркеш Хасен, Ayree;
Нұрсұлтан Нұрбердиев, Әсет Арыстанбек, Мәди Рымбаев, Бағдат Сейіт;
Hulan-Aru, Dosekesh, Балауса Ерғалина, Жарқынай, Назым Әбілдина;
"Alpha", "КешYOU", "Astra" және "Ayafunk" топтары.
Сонымен қатар, 1 мамырда сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін Абай алаңында гастрономиялық жәрмеңке өтеді. Оған 15-ке жуық мейрамхана, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.
2 мамырда дәл осы алаңда "Отбасы Fest" отбасылық фестивалі ұйымдастырылады. Бағдарлама екі блоктан тұрады:
10:00-18:00 – жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі;
19:00-21:00 – отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт.
Бұдан бөлек, қалада мынадай іс-шаралар өтеді:
10:00, Алмалы ауданының кітапханасы - "Береке басы – бірлік" мерекелік кеші;
11:00, Бегалин атындағы Орталық балалар кітапханасы - "Қазақстан – достық мекені" танымдық-ойын-сауық бағдарламасы;
12:00, Тілендиев мемориалдық мұражайы - "Бірлік әуені – ел жүрегі" концерті;
14:30, Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры - ұлттық билер мен әндерді орындайтын қуыршақтардың қатысуымен өтетін "Қуыршақ Думан" қайырымдылық спектаклі.
Сондай-ақ, 1 мамырдағы мерекелік іс-шаралар Алматының барлық ауданын қамтиды:
Алатау ауданы - Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы: мерекелік концерт.
Алмалы ауданы - 11:00, Сайран көлінің шығыс жағалауы: эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт, қолөнершілер көрмесі, балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық аймақтары.
Әуезов ауданы - 11:00, Family Park және "Сарыарқа" сквері: концерттік бағдарлама.
Бостандық ауданы - 11:00, Тұңғыш Президент саябағы: мерекелік концерт және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі.
Жетісу ауданы - 10:00, Айнабұлақ шағын ауданы (Мұқтай көшесі): ұлттық киімдер шеруі; Арбат (Айнабұлақ): мерекелік іс-шаралар және ұлттық киімдер көрмесі.
Медеу ауданы - 14:00, Абай алаңы: шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерт.
Наурызбай ауданы - 19:00, Шұғыла шағын ауданындағы (347) амфитеатр: "Болған оқиға" көркем фильмінің ашық аспан астындағы көрсетілімі.
Түрксіб ауданы - 11:00, Сейфуллин атындағы саябақ: концерт, этномәдени бірлестіктердің көрмелері, мектеп оқушылары арасында баскетболдан 3-ке-3 спорттық жарыстары және мерекелік сауда.