Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / TikTok-та мұғалімдерге арналған байқау басталды

TikTok-та мұғалімдерге арналған байқау басталды

Білім және ғылым 01.11.2023, 06:19 1,619
TikTok-та мұғалімдерге арналған байқау басталды
Сурет: Medianation.ru

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қысқа бейнероликтерді орналастыруға арналған жетекші платформа TikTok-та #ҚазақстанМұғалімдері немесе #УчителяКазахстана байқауы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



TikTok-тағы танымдық контент қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, танымал болып кетеді. Мәселен, #кітапток хэштегі бойынша түсірілген әдебиет туралы бейнероликтер қазірдің өзінде ел ішінде 70 миллионнан астам қаралым жинап үлгерген.
 
Байқауға TikTok-та аккаунты бар немесе ашуға ниетті барлық мектеп ұстаздары, колледждер мен жоғару оқу орындарының оқытушылары қатыса алады. Осы жылдың 1 қарашасы мен 17 желтоқсаны аралығында өтетін байқау кезінде педагогтер қысқаша танымдық бейнероликтерді жүктеп салуы қажет. Бейнематериалдардың ұзақтығы 30 секундтан кем болмауы тиіс және оларды жариялау кезінде байқау хэштегтерін қолдану қажет: #қазақстанмұғалімдері немесе #учителяказахстана.

«ТикТокпен жасалатын жобамыздың арқасында Қазақстан педагогтері жастармен, түрлі жастағы интернет пайдаланушыларымен өз білімдерін шығармашылық және одан да қызықты үлгіде бөлісу мүмкіндігін ашады деп үміттенеміз. Бір қуантарлығы, педагогтер шет қалмай, ғылым мен мектеп пәндерін кеңінен насихаттауда онлайн платформаларды өз игілігіне пайдалануда. Біз қазірдің өзінде Қазақстандағы TikTok трендтерінде көптеген дарынды мұғалімдерді көріп жүрміз. #ҚазақстанМұғалімдері бастамасының мақсаты – көп педагогтерді білім беруде жаңа шығармашылық әдістерді ашуға шабыттандыру, оқудың қызықты әрі көңілді екенін көрсету және еліміздегі білім беру мазмұнына қызығушылықты арттыру болып табылады», - деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.



Қазылар алқасының мүшелері құрамында жобаның амбассадорлары, TikTok платформасы мен Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері болады, олар байқау қатысушыларын төрт номинация бойынша бағалайды:
 
•«ТикТок мұғалімі 2023». Мектептер мен колледждердегі мұғалімдерге арналған номинация. Бұл номинация бойынша күрделі ғылыми идеяны, деректі немесе тұжырымдаманы анық әрі түсінікті етіп көрсеткен ең креативті ролик авторы жеңімпаз бола алады.

• «ТикТок оқытушысы 2023»
Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған номинация. Бұл номинация бойынша күрделі ғылыми идеяны, деректі немесе тұжырымдаманы анық әрі түсінікті етіп көрсеткен ең креативті ролик авторы жеңімпаз болады.
 
 • «ТикТоктағы жаңалық». Байқау аясында жарияланған роликтерінің барлығы бойынша ең көп қаралым жинаған мұғалім жеңімпаз атанады. Оған мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатыса алады.
 
•«Үздік бейнеролик». Байқау аясында жасалған бейнеролигі ең көп қаралым жинаған оқытушы жеңімпаз атанады.
 
Байқау жеңімпаздарына жақсы танымдық роликтер түсіру және TikTok-та дамуы үшін iPhone 15 смартфондары сыйлыққа беріледі.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тик ток #мұғалімдер #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика