AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Террористер – ғаламторда

Террористер – ғаламторда

Әлеумет 16.06.2025, 11:35 1,532 Жұмәділдаев Куанышбай Төлегенұлы Алматы қаласы Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, полиция полковнигі
Террористер – ғаламторда
http://mazhab.kz/

Киберкеңістіктегі терроршы топтардың пайда болу тарихы күні кеше ғана. Мәселен, 1998 жылы АҚШ-тың «Шетелдік террористік ұйымдар» тізіміне енген 30 террористік ұйымдарының шамамен 50% ғана веб-сайттары болса, 2000 жылдардан бастап барлығы ғаламтор жүйесін пайдаланғаны анықталды.  

 

Қазіргі таңда ғаламтордағы терроризм ол динамикалық құбылыс, веб-сайттар бірден пайда болады, өзінің түр-тұрпатын жиі ауыстырады, бірақ дәл солай екпіндеп жойылады. Көп жағдайда бұл адастыру үшін жасалады. Онда сайттың өзі қалып, тек қана мекенжайы ауыстырылады. Мысалы, ең бай «Аль-Каида» террористік ұйымы өзінің веб-сайтын, мекен-жайы мен контентін күнделікті ауыстырып тұрады.

 

1980 жылдардың аяғында комммерциялық пайдаланушыларға мүмкіндік беру нәтижесінде ғаламтор сипаттамасы тез өзгере бастады. 1990 жылдардың ортасында ғаламтор 18000 жеке меншік, қоғамдық және ұлттық жүйелерді біріктірді. ХХІ ғасырдың басында ғаламторды пайдаланушылардың саны 1 миллиардтан асты. Сол уақыттан бастап террористік ұйымдарда үгіт-насихат жүргізу, колдаушылармен байланысу және ниеттестерді табу жұмыстары бастады.

 

Әдеттегідей сайтта террористтік немесе экстремистік ұйымның тарихы мен оның іс-шаралары, негізін салушылар, көсемдері мен батырларының өмірбаяндары, көзге түсер ірі тірліктері, саяси және идеологиялық мақсаттары, жаулары туралы қатал сын пікірлері және ағымдағы жаналықтары көрсетіледі. Сайтта «Азаттық үшін күрес», «қарсыласу» деген сөздерді үнемі пайдаланады. Күш қолданғаны туралы моральдық және құқықтық негіздерін түсіндіре келе террористердін зорлық-зомбылық іс әрекеттерін егжей-тегжейлі сипаттамайды.

 


Террористік сайттар ұрандарды пайдаланып, жақтастарына арналған белгілер, футболкалар, тулар, бейне, аудио дисктерді сатуға қояды. Жергілікті тілден басқа тілдегі сайттар, тікелей қақтығысқа қатысы жоқ, бірақ осы мәселеде қызығушылығы бар халықаралық аудиторияға арналған. Сол себепті, көптеген сайттар бірнеше тілде жасалған. Мысалы, «Өзбекстан ислам қозғалысы» өзбек тілінен бөлек араб, орыс және ағылшын тілдерін пайдаланады.

 

Психологиялық соғыс. Ол дегеніміз жалған ақпарат тарату, үрейлі және дәрменсіз екенін сезіну үшін өздерінің жан түршігерлік іс-әрекеттерінің суреттерін тарату. Мысалы, «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы тұтқындалған Иордания әскери әуе күштерінің ұшқышы, аға лейтенант Муаз Юсеф аль-Касасбаны 2015 жылы 3 ақпанда тірідей өртеп, бейне ролигін ғаламтор арқылы таратқан.

 


Террористік ұйымдардың ішінде «Аль-Кайда» осы бағытты жақсы қолданды деуге болады. 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы дүниежүзілік сауда орталығына жасалған террористік актіден кейін американың экономикасы әлсіреп, қор биржасы құлдырады және одан да «үлкен» шабуыл ұйымдастырылып жатыр деп қоғамда үрей туғызды.

 

Террористік ұйымдардың ғаламторды қалай пайдаланып жатқанын біз толық білсек, осы бағыттағы озық тәжірибені пайдалана отырып, террористердің пайдалану мүмкіншілігін шектейтін шараларды қарастыруымыз керек. Бұл - бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жатағым #аман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);